"Таза Қазақстан". Белсенді ардагерлер науқанға қатысуда

2 Мамыр 2024, 12:08
249
Бөлісу:
"Таза Қазақстан". Белсенді ардагерлер науқанға қатысуда
PHOTO
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Шымкентте "Таза Қазақстан" акциясының "Өнегелі ұрпақ" апталығы басталып, көптеген іс шаралар ұйымдастырылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінгі іс-шарада қаламыздың тазалығына ардагерлер үлес қосты. Аға буын өкілдері жас буынға үлгі көрсетті десек болады. Абай саябағына жиналған белсенділер «Ұрпақтар сабақтастығы» атауымен ата мен немеренің бірлесіп атқарған еңбегіне куә болды.

"Таза Қазақстан". Белсенді ардагерлер науқанға қатысуда

Осындай үлгі мен даналықты дәріптеп, кейінгі жас ұрпақтың бойында табиғатқа, қоршаған ортаға деген жанашырлық, қамқорлық сезімдерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған бұл іс шараға қаладағы бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерлері, ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.

"Таза Қазақстан". Белсенді ардагерлер науқанға қатысуда

 Өз қаламызға қамқорлықпен қарау – әр азаматтың борышы. «Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкентте көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бүгін «Өнегелі ұрпақ» апталығына орай немерелерімізбен бірге саябаққа келіп, тазалық жұмыстарына қатысып жатырмыз. Өсіп келе жатқан балаларымызға, жастарға өнеге үлгі болсын деп атсалысып жатырмыз. Ал жастарымыз үлкендерге, қарияларға, ардагерлерге көмек көрсетіп, игі істермен айналысуда. Осыған үлкен алғысымды білдіремін, – Кенжехан Төлебаев.

350-дей адам қатысқан тазалық жұмысында қариялар мен ардагерлер ерікті жастарға тазалау, шөптерді ору, қоқыстарды шығару, ағаштарды әктеу жұмыстарына қол көмек беріп, ақылдарын айтып, жол көрсетті.

"Таза Қазақстан". Белсенді ардагерлер науқанға қатысуда

Әсіресе қариялар осындай игі істің Ұлы жеңіс күні қарсаңында өткеніне қуанышты.

Өзгелердің жаңалығы