"Таза бейсенбі". Ақтөбенің Мәртөк ауданында 94 тонна қоқыс шығарылды

14 Маусым 2024, 19:57
324
Бөлісу:
"Таза бейсенбі". Ақтөбенің Мәртөк ауданында 94 тонна қоқыс шығарылды
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Мәртөкте "Таза бейсенбі" экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақтөбе облысының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған 200-ден аса мәртөктік үлес қосты.

Экологиялық акцияны Мәртөк ауданының әкімдігі Amanat партиясымен бірлесіп ұйымдастырды. 

Мемлекет басшысының "Таза Қазақстан" жалпыұлттық бастамасы аясында өткен акцияны мәртөктіктер енді әр бейсенбі сайын ла ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Мәртөк ауылы маңындағы қоқыс полигонына барлығы 94 тонна қоқыс шығарылды.

Өзгелердің жаңалығы