Тайжан: Халық кедейшілік пен кредитке батып қалды

9 Маусым 2021, 13:03
2632
Бөлісу:
Тайжан: Халық кедейшілік пен кредитке батып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоғам қайраткері, Жер комиссиясының мүшесі Мұхтар Тайжан әлеуметтік желідегі парақшасында халықты қымбатшылық әбден басып кеткенін хабарлады.

Адамдар, тіпті, тамақты сатып алу үшін кредит алып отыр. Ауылдағы дүкендер халыққа азық-түлікті қарызға беріп жатыр. Ал халық кедейшілікке және кредитке батып қалды, - деді ол.

Тайжан елде ешқандай экономикалық реформа жүріп жатпағанын атап өтті.

Экономика министрін ешкім көрген де жоқ, естіген де жоқ. Экономика министрі бізде бар ма өзі? Реформа кеңесі де жұмыс атқарып жатқан жоқ. Уақыт өтіп барады, ал экономикалық реформа басталған да жоқ. Баяғы жартас сол жартас. Экономикамен 20 жыл бойы айналысатын ескі кадрларын қуып шығып жаңа кадрларын жұмысқа тарту керек. Өз басым, мені шақырса, мен нағыз экономикалық реформаны жүзеге асыру үшін барар едім. Бірақ қайдам, мен барсам нағыз реформа басталады ғой, ал оған олигархтар қарсы, - деді қоғам қайраткері. 
Еске салсақ, бүгінгі Мәжілістің кезекті отырысында Нығматулин елдегі қымбатшылық мәселесін көтеріп, бірқатар министрлік басшысына шүйлікті. 

Оның айтуынша, елде ең жоғары өсім күнбағыс майы бойынша тіркелген – 33,7%. Сонымен қатар қант 32,8%, жарма 28,7%, картоп 16,8%, жемістер 14,9%, макарон өнімдері 14,7%, жұмыртқа бағасы 10%-ға өскен. Бұдан бөлек ол бензин, электр энергиясы, фармацевтикалық өнімдер мен тұрғын үйдің де құны қымбаттағанын алға тартты. 

Нығматулиннің сауалына жауап берген Үкімет басшысының бірінші орынбасары Әлихан Смайылов пандемияның кесірінен азық-түлік, тек Қазақстанда ғана емес, әлем елдерінде де қымбаттап жатқанын айтты.
Өзгелердің жаңалығы