Тайтөбе ауылындағы заңсыз қоқыс полигонын жою үшін 100 млн теңге бөлінді – Маржықпаев

27 Маусым 2022, 18:15
1201
Бөлісу:
Тайтөбе ауылындағы заңсыз қоқыс полигонын жою үшін 100 млн теңге бөлінді – Маржықпаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұны Бурабайда өткен Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында облыс басшысы Ермек Маржықпаев мәлім етті.

Тайтөбе ауылындағы заңсыз төгілген қатты тұрмыстық қалдықтар туралы бәріміз білеміз. Біз осы полигонды жою үшін облыстық бюджеттен 100 милион теңге қаражат бөлдік. Бұл - үлкен өзекті мәселе. Сондықтан біз оны биыл міндетті түрде шешеміз, - деді баспасөз мәслихатында облыс басшысы Ермек Маржықпаев.

Сонымен қатар әкім қалалар мен аудандардағы жергілікті маңызы бар, сондай-ақ облыстық және республикалық маңызы бар автожолдар жөнделетінін атап өтті.

Былтыр жергілікті маңызы бар автожолдарды салуға, жөндеуге 232 жоба бойныша 38 млрд теңге қаржы бөлінді, оның ішінде 172 жоба бойынша жұмыстар аяқталды. Облыстық, аудандық маңызы бар 800 км автожол және елді мекендердің көше-жол желісі жөнделді. Биыл 1 мың км жол желісін жақсарту жоспарлануда. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі 87 пайызға жетеді, - дейді облыс басшысы Ермек Маржықпаев.

Өзгелердің жаңалығы