Таймерденов Алматыдағы атыс кезінде қаза тапқан полицейлер туралы айтты

21 Қыркүйек 2021, 12:15
2877
Бөлісу:
Таймерденов Алматыдағы атыс кезінде  қаза тапқан полицейлер туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов атыс кезінде қаза тапқан полицейлер туралы айтты.

Дархан Сүлеев 2003 жылдан бері бізде жұмыс істеп келді. ІІМ Академиясын бітірген. Оның бес баласы қалды. Қаза тапқан екінші адам - Нұрбол Байғазиев. Ол 2014 жылдан бастап бізде жұмыс істеді. Оның артында екі баласы қалды. Екеуі де Ақбұлақ шағын ауданында осы учаскеге қызмет көрсеткен. Қызмет бабында бірнеше рет көтермеленді. Әлеуметтік желілердегі парақшаларда тұрғындар тарапынан үнемі оң пікірлер болды, ешқандай шағымдар болған жоқ, - деп хабарлады Қанат Таймерденов.

Полиция бастығы, сонымен қатар, қызметкерлердің қолында қару болғанын, бірақ оны қолданбағанын айтты.

Себебін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы анықтайды. Аталған факті бойынша «Кісі өлтіру» және «Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық жасау» баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғалды, - деді Таймерденов.

Еске сала кетейік, 20 қыркүйек күні сағат 17:00 шамасында Алатау ауданындағы Ақбұлақ шағын ауданындағы шағын үйлердің бірінде сот қаулысын орындау кезінде сол үйдің тұрғыны - 1967 жылы туған азамат қарсылық танытып, сот орындаушылары, учаскелік полиция инспекторы, ТЖД қызметкерлеріне оқ жаудырған болатын. Салдарынан 5 адам қаза болды.

Өзгелердің жаңалығы