Таяу Шығыстағы қақтығыс: СІМ ресми мәлімдеме жасады

2 Қазан 2024, 16:15
451
Бөлісу:
Таяу Шығыстағы қақтығыс: СІМ ресми мәлімдеме жасады
VIDEO
Фото: BAQ.KZ -архив

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Таяу Шығыстағы отандастарымызды консулдық есепке тұруға шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көптеген азамат консулдық есепке тұрмайтынына назар аударғымыз келеді. Осыған байланысты байланыс орнату және Қазақстан азаматтарының тізімін дайындау біршама уақытты алады. Қазақстан азаматтарын елдерде консулдық тізімге тұруға шақырамыз. Қазіргі уақытта Израильде, Иранда және Ливанда тұратын Қазақстан азаматтарынан аса қажеттілік болмаса, тұрып жатқан жерлерінен шықпауды, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, жаңалықтарды қадағалауды және биліктің ұсыныстарын орындауды, сондай-ақ ҚР Сыртқы істер министрлігі мен аталған елдердегі Қазақстанның елшіліктерімен байланыста болуын сұраймыз, - деп айтты Смадияров брифингте.

Оның сөзінше, ҚР СІМ-де, еліміздің Израильдегі, Ирандағы және Ливандағы шетелдік мекемелерінде жедел желілер жұмыс істейді. 

Таяу Шығыстағы қақтығыс: СІМ ресми мәлімдеме жасады

Бұл туралы ақпарат СІМ-нің және елшіліктердің ресми ресурстары мен әлеуметтік желілерінде жарияланады, - деп айтты ведомствоның ресми өкілі.

Еске сала кетейік, осыған дейін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Таяу Шығыстағы қазақстандықтардың жағдайына қатысты ресми мәлімет берді. Еліміздің Израильдегі елшілігі азаматтарымыздан қауіпсіздікті күшейтуді сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы