Тәулігіне 3 мың адамнан КВИ анықталады. Дәрігер алдағы уақытқа болжам жасады

25 Қаңтар 2022, 14:36
1007
Бөлісу:
Тәулігіне 3 мың адамнан КВИ анықталады. Дәрігер алдағы уақытқа болжам жасады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы, қаланың Бас мемлекеттік санитар дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова қаладағы эпидахуалды баяндады.

Оның айтуынша, қаңтардың бірінші аптасында 1025 адамнан коронавирус анықталды, екінші аптада 6 мыңға жуық, үшінші аптада 13 130 жағдай тіркелген. Яғни соңғы айда вирусты жұқтыру 12,8 есеге өскен. Өңірлердегі эпиджағдайды бағалау матрицасында Алматы қазір «қызыл» аймақтың ортасында тұр.

Әбдіжаббарованың айтуынша, қалада коронавирустың қайта өршуіне «омикрон» штамының таралуы себеп болған.

Қазір «омикрон» штамы «дельта» нұсқасын ығыстыруда. 22 қаңтарда тәуліктік сырқат 2,5 мың науқасқа дейін жетті. Айдың соңына дейін тәулігіне 3 мыңдай науқас тіркеледі деп болжап отырмыз. Вирус әсіресе бұған дейін ауырған адамдар арасынан анықталып жатыр, оған қоса былтыр наурызда вакцина алғандардан да ауырып жатыр. Сондай-ақ виурс негізінен 22-39 жас аралығындағы азаматтардан анықталып жатыр, яғни ауырғандардың 40%-ы. Соңғы уақытта 60 жастан асқан адамдар мен балалар арасында да сырқаттанушылық артты,-деді  Қарлығаш Әбдіжаббарова.

Сондай-ақ ол вирусты жұқтыру өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар арасында жоғары болып отырғанын жеткізді.

Талдау барысында бұрынғыдай жұмыс істемейтін және өзін – өзі жұмыспен қамтығандар ауруға көп шалдыққан - 37,6), түрлі ұйымдар мен кеңселердің қызметкерлері - 22,4%, зейнеткерлер -16,2%, мектеп жасына дейінгі балалар мен мектеп оқушылары-6%. Банк қызметкерлері арасында вирус жұқтыру -2,2% дейін және медицина қызметкерлерінде - 1%-ға  дейін  өсті. Халықтың басқа санаттары арасында инфекция 1%-дан аз,-деді ол.

Өзгелердің жаңалығы