Атырауда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына «30 игі іс» эстафетасы қалай іске асып жатыр?

27 Ақпан 2021, 16:39
2263
Бөлісу:
Атырауда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына «30 игі іс» эстафетасы қалай іске асып жатыр?

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына «30 игі іс» эстафетасы жалғасып жатыр. Бұл игі бастамаға аймақтағы этно-мәдени бірлестіктер де жұмылған. Облыста кәріс, орыс, татар, өзбек және т.б ұлттардың этно-мәдени бірлестіктері бар. 

Атыраулық кәсіпкер Владимир Розметов өзінің ауыл шаруашылығы өнімдерінен 50-ге жуық жиынтық ұсынды.

Атырау облысында этно-мәдени бірлестіктер бар. Барлығы осы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жыл бойы қайырымдылық істерді жоспарлап жатыр. Бүгінгі шара бастамасы. Акция бір жылға созылады. Қолымыздан келгенше мұқтаж жандарға қолұшын созамыз, - деді кәсіпкер Владимир Розметов.

Акцияны ұйымдастырушылардың сөзінше, жыл бойы түрлі қайырымдылық шаралар жалғасады. Олар өңірді көгалдандыру, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына жан-жақты көмек беру, баспаналарына жөндеу жұмыстарын жасауды да жоспарлап отыр. 

«Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі төрағасы Зелимхан Зубариевтің сөзінше, бұл ізгі іспен өзге ұлттар Қазақстанға ризашылығын білдіреді.

Бұл акцияны өткізе отырып, біз шешен-ингуштардың Орталық Азия мен Қазақстанға жер аударылған күнін еске алдық. Қазақстанға жер аударылып келгенде, бауырына басқан қазақ халқына ризашылығымызды білдіреміз. Біз тәуелсіз қазақ елінде өз тілімізде, өз дәстүрімізді ұстанып, емін-еркін өмір сұрап жатырмыз. Қазақ халқы өзекке теппей, өз баласындай қабылдады, - деді «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Зелимхан Зубариев.


Өзгелердің жаңалығы