Тәуелсіздікке тарту. Алматы облысы тұрғындарына пәтер кілті табысталды

16 Желтоқсан 2020, 19:10
1812
Бөлісу:
Тәуелсіздікке тарту. Алматы облысы тұрғындарына пәтер кілті табысталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысына қарасты Іле ауданындадағы Боралдай кентінде 130 пәтерлі көпқабатты үй пайдалануға берілді.

Баспана бірінші кезекте көпбалалы аналарға, жас мамандарға, үй кезегінде тұрған аудан тұрғындарына «7-20-25» және «5-10-20» мемлекеттік бағдарламасымен берілді. Аудан әкімі Бағдат Қарасаев бұл мемлекет басшысының әлеуметтік мәселеге назар аударуының жемісі дейді.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев елді қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуді күн тәртібінен түсірген емес. Міне, бүгін ұлы мереке қарсаңында «Азар» жауапкершілігі  шектеулі серіктестігі салған көпқабатты тұрғын үй кешенінің пәтерлері өз иелерін тапты – дейді Қарасаев.

Азаттық күні баспаны болып жатқандар тәуелсіздікке тәу етіп, бұл ең біріншіден дербестіктің арқасы деді.

Бұл – біз үшін зор қуаныш. Басымызда бір пәтер болса екен деп армандаушы едік. Міне, бүгін сол арманымызға қол жеткіздік. «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы арқылы  15 жылға несиемен алдық. Үй кезегінде 7 жыл тұрдым. Осы күнге дейін пәтер жалдап жүргенбіз. Қуаныштымыз. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Үш ұлым, бір қызым бар. Еліміз тәуелсіз болмаса осындай жағдайға жетер ме едік. Өте жақсы көңіл күйдеміз, – дейді жаңадан пәтер алып қуанышқа кенелген Фарида Есенгелдіқызы.

Қуанышқа кенелгендер арасында жастар да бар.

акын1.jpeg


Мен бақытты жандардың бірімін. Себебі менің жаңа пәтерім бар. Мен бұл үйге мемлекеттік бағдарламалар аясында қол жеткіздім. Төрт жылдан бері кезекте тұрдым. Тәуелсіздік күні қуанышқа келеліп отырмын, – дейді жас маман  Дана Қаржаубекқызы.

Алматыдай мегаполиске жақын орналасқан Іле ауданы Алматы облысындағы ең ірі аудандардың бірі. Жыл сайын халқының саны да артып келе жатыр. Бүгінде халқының саны 215 мыңнан асып кеткен. Баспана кезегінде тұрғандар саны төрт мыңға жуық. Биыл елу мың шаршыдан асатын баспана халыққа берілді. Деседе,  құрылыс саласы тоқтайтын емес. Келесі жылы алпыс мың шаршы метр көп қабатты үй мен жеке үйлер салу жоспарда бар екен.

Келесі жылы да Боралдай кентінде тағы да үш көп қабатты түрғын үй салынады. Жүз он пәтер болады. Үкіметтен тоқсан миллион үйдің жылуына кәрізіне ақша бөлінген. Ол дайын. Енді үйдің тек құрылысы жүреді.Содан кейін жобалық-сметалық құжаты дайын  үш тоғыз қабатты 72 пәтерлі үй салу жоспарда бар, – деді аудан басшысы Бағдат Қарасаев.

Құрылыс білім саласында да қарқынды жүріп жатыр. Өтеген батыр кентіндегі 1957 жылы пайдалануға берілген «Қуат» балабақшасы күрделі жөндеуден өтіп пайдалануға салтанатты түрде берілді. Сапалы жөндеуден өткен балабақшаға заманауи қажетті барлық заттар алынды. Үш ауысымды мектептерді азайтып, білім саласын жақсарту үшін ауданда жасалып жатқан жұмыстар көп.


Біздің ауданымызға жыл сайын үш жарым мың бала мектеп табалдырығын аттайды.Соңғы жылдары жаңа жиырма мектеп салынды. Үш жапсаржай салынды. Оның біреуі бүгін ашылып отыр.Тағы да жеті мектеп салынып жатыр. Оның төртеуі келесі жылы бірінші қыркүйекте ашылады. Тағы үшеуі 2021 жылдың желтоқсан айында ашылады деп жоспарлануда, – дейді Іле ауданы білім бөлімінің басшысы Ләззат Кәткеева.  

Аудан басшылығы тек қана бюджетке ғана байланбай баспана салу жұмыстарын жекелеген демеушілер арқылы да жандандырмақ. 



Өзгелердің жаңалығы