Тәуелсіздік жылдарындағы Маңғыстау облысының жетістіктері қандай?

14 Желтоқсан 2021, 12:16
2475
Бөлісу:
Тәуелсіздік жылдарындағы Маңғыстау облысының жетістіктері қандай?

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ тілшісі. Тәуелсіздік жылдарында Маңғыстау өңірінің экономикасы қарқынды дамып, әлеуметтік салаларда бұрын-соңды болмаған жетістіктерге қол жеткізді.

Халық саны 340 мың адамнан 735 мың адамға дейін жетіп, 2,2 есе өсті, жалпы өңірлік өнім 2,2 млрд теңгеден 3,1 трлн теңгеге дейін өсті (1,4 мың есе өсті), барлығы 450 млн тонна мұнай өндірілді (1991ж. - 14,2 млн тонна, 2021ж. - 16,8 млн тонна).

Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 7,2 трлн  теңгені құрады (448 мың есе өсті,1991ж. –  1,3 млн теңге, 2021ж. – 474 млрд теңге);

Өмір сүру ұзақтығы 3,3 жылға артты (1991ж. – 67,8 жас, 2020ж. – 71,1 жас);

Шағын және орта бизнес субектілерінің саны  - 55 мыңға жетіп, 4 есеге артты.

Сонымен қатар білім беру саласында 350 мектеп пен мектепке дейінгі ұйымдар, 63 денсаулық сақтау объектісі, 693 спорт кешендері мен алаңдар, 35 мәдениет объектісі ел игілігіне қолданысқа берілді.

Бұған қоса, 2957 шақырым жолдар салынды және жөндеу жүргізілді, 12,3 млн шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, сумен қамту көрсеткіші 31%-дан 98%-ға дейін, ал газбен жабдықтау 16%-дан 99,8%-ға дейін жеткізілді.

 

Өзгелердің жаңалығы