Тәуелсіздік ұрпақтары: Жастарға арналған арендалық баспана бағдарламасы жалғасады

22 Сәуір 2021, 13:34
2317
Бөлісу:
Тәуелсіздік ұрпақтары: Жастарға арналған арендалық баспана бағдарламасы жалғасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да азаматтық бастамаларды қолдау және дамыту мәселелері туралы өткен брифингте айтты.

Жастарға арналған арендалық баспана 2019-2021 жылдарға арналған еді. Бағдарлама жалғасын табады. Ел басшылығының тапсырмасы бойынша «Тәуелсіздік ұрпақтары» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр. Ол жастарды қолдаудың барлық тетіктерін бірыңғай векторға біріктіреді. Оның аясында жастарға арналған арендалық баспанамен қамтамасыз ету жалғасын табады, - деді Тілепов.

Сондай-ақ, Болат Тілепов барлық әлеуметтік тапсырыс пен гранттық қаржыландырулар тек байқау негізінде жүзеге асырылатынын айтты.

Бұл шараларға жылда тиісті қаражат мемлекетті бюджеттен бөлініп отырады. Өткен жылғы бюджет көлемі 900 млн теңгені құрады. Былтыр пандемияға байланысты бірқатар жобалар өткізілмеді. Оларға тиісті қаражат мемлекеттік бюджетке қайтарылды. Биыл осы жобаларға 1 млрд теңге бөлінді. Қаражат әлі толығымен игерілген жоқ. Әлі де байқаулар ұйымдастырылып жатыр, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы