«Тәуелсіздік ұрпақтары» конкурсының ережесі қандай?

19 Шілде 2021, 17:54
1821
Бөлісу:
«Тәуелсіздік ұрпақтары» конкурсының ережесі қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының ережесін түсіндірді.

Бұл жердегі біздің басты мақсатымыз «Аз құжат – көп идея» ұстанымын басты назарға алып отырмыз. Яғни талап етілетін құжаттар көлемі санаулы бізге тек жаңа идеялар қажет. Атап айтсақ, үміткер құжат қабылдау аяқталған кезде 14 жасқа толған және 29 жастан астауы тиіс. Конкурстық өтінімдерді мемлекеттік немесе орыс тілдерінде тапсырады, - деді ол.

Сонымен қатар, қағидаларға сәйкес нысан бойынша жобаның сипаттамасы, жобаның бейне-таныстырылымы (алпыс секундтан аспайды), шығыстар сметасының жобасы, зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса) қамтылуға тиіс.

Талаптары жеңілдетілген грантта ешқандай кәсіби деңгейлер мен тәжірибелер талап етілмейді.

Конкурсты өткізу туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтында (qogam.gov.kz), әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында кеңінен жарияланып отырады, - деп түсіндірді Шахмардан Байманов брифингте.
Өзгелердің жаңалығы