Тәуелсіздік қарсаңында бірнеше жаңа нысан іске қосылды

16 Желтоқсан 2022, 09:46
1496
Бөлісу:
Тәуелсіздік қарсаңында бірнеше жаңа нысан іске қосылды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Жетісу облысында блокты-модульді медициналық пункт және 55 орынды студенттер жатақханасы қолданысқа берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Қаратал ауданы Үшкөмей ауылында 200-ден астам адам тұрады. Бұған дейін елді мекенде медициналық пункт болмаған, ал ауыл тұрғындары сапалы медициналық қызмет алу үшін Үштөбе қаласына баруға мәжбүр еді. Енді кең әрі жылы кабинеттерде ересектер мен балаларға арналған алғашқы медициналық-санитарлық, дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетіледі. Аудан әкімі Ерлан Исабеков ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады.

Осы медициналық пункттің құрылысын биылғы жылдың қыркүйек айында «МК СТРОЙ KZ»ЖШС мердігерлік ұйымы бастаған еді. Бұл - ауданда осы жылға жоспарланған екі медициналық пункттің бірі. Қарақұм ауылында да осындай екінші блокты-модульді медициналық пункт жыл соңына дейін ашылады деп жоспарлануда. Әр объектінің құны-37,2 млн теңге.

Айта кетейік, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 2023-2024 жылдарға Қаратал ауданындағы ауылдық округтерде 5 фельдшерлік-акушерлік пункт салу жоспарланған, бұл ретте жергілікті бюджеттен тағы осындай 2 мед пункт салынады.

Тәуелсіздік қарсаңында бірнеше жаңа нысан іске қосылды

Жалпы, Жетісу облысында құны 600,0 млн. теңгеге модульдік конструкциялар негізінде 12 медициналық пункт орнатылуда. Оның ішінде бүгінде Алакөл ауданындағы Еңбекші, Көкжар, Ескелді ауданындағы Қоржынбай, Абай, Теректі, Қаратал ауданында Үшкөмей, Кербұлақ ауданында Шаған, Көксу ауданындағы Жамбыл ауылдарында 8 нысан іске қосылды, қалғандарын осы жылдың желтоқсан айына дейін аяқтау жоспарлануда (Ақсу ауданында Көкөзек, Қаратал ауданында Қаракұм,  Кербұлақ ауданында Көкбастау, Аралтөбе ауылдары). Қаратал ауданының орталық аудандық ауруханасының "Б" блогында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, оған 518,1 млн теңге бөлінді.

Ал Сарқан ауданында политехникалық колледж студенттері үшін 55 орынды заман талабына сай жатақхана пайдалануға берілді. Бұрынғы жатақхана 1974 жылы оқу корпусы ретінде салынған. Студенттерді жатақханамен қамту мақсатында бейімделген нысан ретінде пайдаланып келген болатын.

Жаңа типтегі жатақхана ең қолайлысы оқу орнының аумағында орналасқан. Ғимарат барлық коммуникациялық желілерге қосылып, студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 19 бейнебақылау жүйесі де орнатылған.

Тәуелсіздік қарсаңында бірнеше жаңа нысан іске қосылды

Студенттер үйінде төрт, үш және екі орынды бөлмелер бар. Бұдан бөлек, нысанда демалыс бөлмесі, асхана, медициналық пункт, кір жууға және кептіруге арналған тұрмыстық бөлме және әрбір бөлмеде жеке дәретханамен жуынатын душ қарстырылған.

Жаңа жатақхананың ашылуы әсіресе жастарды қуантты. Солардың қатарында тігінші мамандығы бойынша оқитын 1 курс студенті Аяулым Рауанқызы да бар.

Осыған дейін ескі жатақханада тұрып келдік. Енді заманауи, жарық, барлық жағдайы қарастырылған жатақханаға көшеміз. Өте қуаныштымын. Бізге осынау жаңа баспананы тұрғызып, тарту еткен аудан басшыларына колледж студенттері атынан алғыс айтқым келеді, - деді ол.

Аудан әкімі Ғалымжан Маманбаевтың айтуынша, облыс әкімі ауданға барған жұмыс сапары кезінде екі мәселе көтерген. Соның бірі жатақханының жағдайына байланысты болса, ал екіншісі - жаңа мамандықтар ашу. 

Тәуелсіздік қарсаңында бірнеше жаңа нысан іске қосылды

Осыған байланысты біз кіші мал дәрігерлері және орман қорықшысы мамандықтарын ашу мүмкіндіктерін қарастырып жатырмыз. Келесі жылы жаңа мамандық бойынша колледж алғашқы тәлімгерлерін қабылдайтын болады. Ал биыл студенттер жаңарған жатақханаға қоныстанады, - деді аудан басшысы.

Қазір таңда Сарқан ауданындағы екі колледжде 632 студент оқиды, оның тең жартысы жатақханамен қамтылған.

Айта кетейік, жатақхананы күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізу үшін облыстық бюджеттен 224 млн.теңге бөлініп игерілген. 

Жалпы Жетісу облысында кәсіптік білім беру бағытында барлығы 26 колледж жұмыс істейді, оның 21-і – мемлекеттік, 5 – жекеменшік. Осмы жылы 4010 студент қабылданды, барлығы 14964 студент оқиды, кадрлар даярлау 61 мамандық және 102 біліктілік бойынша жүргізіледі. 2022 жылы Қаратал ауданының Үштөбе қаласында колледж құрылысы басталды, 2023 жылы іске өосылады.

Өзгелердің жаңалығы