Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Тарбағатайда мектеп ашылды

16 Желтоқсан 2023, 16:11
688
Бөлісу:
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Тарбағатайда мектеп ашылды
Фото: Тарбағатай аудандық әкімдігі

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы, Шеңгелді ауылында жаңа мектеп ғимараты бой көтеріп, оқушыларға есігін ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мереке қарсаңында оқушыларға есігін ашқан 100 орындық мектеп «Қ.Сәтпаев атындағы Шеңгелді мектеп-бөбекжай-балабақша» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып атауын өзгертті.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Тарбағатай ауданы Қабанбай ауылдық округіне қарасты Шеңгелді ауылында 100 орындық жаңа мектеп ғимаратының салтанатты ашылуы өтті. Мектеп табалдырығын аттағалы отырған оқушыларға ауыл ақсақалы Абдрахман ата ақ батасын беріп, ақ жарма тілегін арнады. Саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында жасалған игі істеріміз оң болсын! Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ашылған білім ордасында білім алатын бүлдіршіндердің болашақтары жарқын болатына сенім білдіреміз!, – деп жазды Тарбағатай ауданы әкімдігі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Мектеп тарихына келер болсақ, 1968 жылы Бастауыш мектеп болып құрылған. Ал 1976 жылы қазіргі мектеп ғимараты салынып, Қ.И.Сатпаев атындағы орталау мектебі болып құрылған. 2011 жылы негізгі орта мектеп болып құрылған.

Өзгелердің жаңалығы