Тәуелсіздік күніне тарту. Ержан Максимнің жаңа бейнебаяны жарық көрді

16 Желтоқсан 2020, 15:14
2950
Бөлісу:
Тәуелсіздік күніне тарту. Ержан Максимнің жаңа бейнебаяны жарық көрді
VIDEO

Алматы, BAQ.KZ. Жас талантты әнші Ержан Максимнің «Қазақтың ұлдары» атты жаңа әні жарық көрді. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды.

Тауелсіздік күніне тарту, жаңа бейнебаян. Бұл ән ел мерейін асқақтатып жүрген батыр ұлдардың, жалынды жастардың құрметіне арналып, олардың жеңістерін жырға қосады, - деп жазды ол.

Жаңа әннің музыкасын Ерболат Досболатұлы, сөзін Рахат Әбдірахманов жазған. Клип Алматы қаласындағы "Қазақфильм" киностудиясында түсірілген. Режиссері - Нұрсерік Қамбар. 


Бейнебаяннан олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов, кәсіби боксшы Жанқош Тұраров бастаған спортшылар мен бір топ әншіні көруге болады. 

Айта кету керек, жас өрен былтыр өткен «Junior Eurovision-2019» халықаралық ән байқауында Қазақстанның намысын қорғап, екінші орынды иемденген болатын.

Өзгелердің жаңалығы