Тәуелсіздік күні Сыр өңірінде 130 бала дүние есігін ашты

20 Желтоқсан 2021, 21:34
1217
Бөлісу:
Тәуелсіздік күні Сыр өңірінде 130 бала дүние есігін ашты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыр өңірінде Тәуелсіздік күні мерекесінде 130 сәби дүние есігін ашты. Желтоқсан айының 16-17 күні туған нәрестелердің ішінде 1 егіз және 1 үшем бар.

Облыс орталығында дүниеге келген егіз бен үшемге «Сүйінші» сыйқорабын Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Бектас Нұриддинов пен «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Қызылорда облыстық филиалы директоры Айнұр Тобаева табыс етті. Филиал директоры жаңа туған нәрестелерге ізгі тілегін жолдап, олардың құжатын рәсімдеуге ХҚКО мамандарының көмек көрсететіндігін жеткізді.

Тәуелсіздік күні Сыр өңірінде 130 бала дүние есігін ашты

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы тарапынан жаңа туған нәрестелерге баланың туу туралы куәлігі мен бір жасқа дейінгі жәрдемақы рәсімделеді. Біздің қызметкерлер барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, балалардың құжаттарын ресімдеуге көмек көрсетеді, – деді «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Қызылорда облыстық филиалы директоры Айнұр Тобаева.

Еліміз бойынша Тәуелсіздік күнінде 2 мыңнан астам сәби өмірге келген.  Жыл басынан бері 11 мың 378 бала дүниеге есігін ашса, бұл өткен жылмен салыстырғанда 775-ке көп. Олардың ішінде 149 егіз бар.

Өзгелердің жаңалығы