Тауарлар кодын іздеудің онлайн-сервисі іске қосылды

26 Сәуір 2023, 16:46
919
Бөлісу:
Тауарлар кодын іздеудің онлайн-сервисі іске қосылды
Фото: Риа Новости/Виталий Белоусов

Мемлекеттік кірістер комитеті тауарлар кодын іздеудің онлайн-сервисін іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кедендік рәсімдеуді жүргізу кезінде маңызды процестердің бірі кедендік төлемдерді есептеу, тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын айқындау, лицензиялар алу үшін пайдаланылатын тауарлардың кодын айқындау болып табылады.

Тауардың дұрыс кодын таңдау – кедендік рәсімдеудің жылдам өтуінің кепілі. Тауар кодын дұрыс анықтамау салдарынан кедендік төлемдер мен салықтар дұрыс есептелмеуі мүмкін. Бұл сыртқы экономикалық қызметке қатысушының беделіне теріс әсер етеді және әкімшілік жазаға әкелуі мүмкін, - делінген комитет таратқан ақпаратта.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қызметін сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға барынша ыңғайлы етуге шаралар қабылдауда.

Осы мақсатта бүгінгі күні https://keden.kz сілтемесі бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға сыртқы экономикалық қызмет тауарлар номенклатурасының кодын іздеудің онлайн-сервисі ұсынылды.

Бұл сервис өзекті болып табылады және оны одан әрі жаңарту Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдері негізінде жүзеге асырылатын болады.

Өзгелердің жаңалығы