Сұлтанов тауар бағалары не үшін көтерілгенін айтты

20 Тамыз 2019, 10:24
2307
Бөлісу:
Сұлтанов тауар бағалары не үшін көтерілгенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының өсу себептерін атады. 

«Біз барлық жерде пияз, сәбіз, картоп, күріш, ұн тауарлары бойынша бағаның елеулі өсуін байқаймыз. Бағаның өсуіне реттелмеген өндіріс, тиімсіз делдалдардың санының көп болуы, сақтау шарттарының орындалмауы, тұтынушыға дейін кепілденген жеткізу арналарының жоқтығы себеп болып отыр. Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақтық бірыңғай нарығы аясында баға қалыптастыруға елдердің өзара әсері байқалуда. Ресей мен Қазақстан бағалары арасындағы айқын оң корреляция көрінеді. Талдау корсеткендей, аталған тауарлар тобына корреляция 90%-дан асады», - деді министр.

Ол Ресейдегі бағаның өсуіне байланысты Қазақстанда баға да, экспорт көлемі де өсіп жатқанын айтты. 

«2017 жылдан бастап бағасы 38% өсіп 192,5 литр/теңгені құраған дизель отыны азық-түлік өнімдерінің өзіндік құны бөлінісінде олардың өсуіне әсер етіп отыр», - деді Сұлтанов Үкімет отырысында.

Бұған дейін ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары туралы баяндап, қымбаттаған 10 азық-түлік тауарын атады.

Өзгелердің жаңалығы