Тау-кен саласында 230 мың отандасымыз еңбек етеді – Сәрсембаев

20 Қазан 2021, 10:29
6958
Бөлісу:
Тау-кен саласында 230 мың отандасымыз еңбек етеді – Сәрсембаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Әділбек Сәрсембаев 11-ші Халықаралық «Astana Mining and Metallurgy-2021» тау-кен металлургия конгресінің ашылу салтанатында мәлім етті. 

Бұл форум алғаш рет 2010 жылы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен және тікелей қатысуымен өткізілген. Бүгінде «АММ» конгресі тау-кен металлургия кешеніндегі маңызды мәселелерді талқылау және шешу үшін арналған алаңға айналды, - дейді Сәрембаев.
Оның айтуынша, тау-кен металлургия кешені - ел экономикасының локомотиві.
Елдің үлесіне жалпы ішкі өнімнің 8,2%-ға жуығы, ұлттық экспорттың 24% тиесілі және мұнда 230 мың отандасымыз қажырлы еңбек етуде, - деп атап өтті.

Айта кетейік, елордада Орталық Азия тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі үшін маңызды  «Astana Mining &Metallurgy -AMM 2021» конгресі өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы