Тау-кен құтқару қызметі жеке меншіктен министрлікке қайтарылуы мүмкін – министр

9 Ақпан 2024, 19:09
342
Бөлісу:
Тау-кен құтқару қызметі жеке меншіктен министрлікке қайтарылуы мүмкін – министр
Фото: ТЖМ

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тау-кен құтқарушылары салаға жеке меншік компания дұрыс қаржы бөлмейтінін айтып шағымданғанын естіген шығарсыз. Осы қызметті ТЖМ құрамына қайтаруға қалай қарайсыз?деп БАҚ өкілдері министрге сұрақ қойды.

Бұл мәселеге байланысты менің жеке пікіріме келсек, министрліктегі жағдайды зерделедім. Менің топшылауымша, бүкіл құтқару қызметтер бір ведомствоға біріктірілуі керек екеніне сенімдімін. Яғни, бытыраңқылық болмайды. Қызметтер бір-бірін қайталамауы керек. Ол қызметтерді тиімсіз қолдануға да жол берілмейді. Мен бұл мәселені түбіне дейін зерделеу туралы тапсырма бердім. Соның қорытындысы бойынша оңтайландыру шаралары қабылдайтын шығармыз. Құтқару қызметтерінің сұлбасын дұрыс ойластырсақ, бұл бізге қатердің бәріне жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Яғни, тау-кен құтқару қызметін министрлікке қайтару бағытында қадам жасаймыз, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы