Алматыда жауған жаңбырдан тау бөктеріндегі жол бүлінді

2 Мамыр 2020, 15:42
1719
Бөлісу:
Алматыда жауған жаңбырдан тау бөктеріндегі жол бүлінді
VIDEO

Алматы, BAQ.KZ. Нөсер жауыннан Алматы қаласы Медеу ауданындағы тау бөктеріндегі жолда жарық пайда болды.

Қалалық ТЖД-нің мәліметінше, 30 сәуір күні нөсер жаңбырдың салдарынан сағат 12:00-де Медеу ауданындағы Алмалы к-сі, 40 мекенжайындағы жол бөлігі бұзылған. 


Дереу оқиға орнына Медеу ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, әкімдік, "Қазселденқорғау" қызметкерлері келді. Асфальтта ұзындығы 12-16 метр және ені шамамен 5 см жарық пайда болғанын анықтады. Көліктер мен жаяу жүргіншілердің кіруіне шектеу қою үшін қауіпті жерлер қоршалды. Полиция бөлімшелері қызметкерлері блоктбекеттер орнатты. Одан әрі шешімді Медеу ауданының әкімдігі қабылдайды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы