Тәтті шырын мен сусындардан келер зиян қандай?

31 Шілде 2024, 21:58
683
Бөлісу:
Тәтті шырын мен сусындардан келер зиян қандай?

Күн ысып, ауа температурасы жоғарылаған жаз маусымы – тәтті, энергетикалық сусындардың көп пайдалатынатын мезгілі.

Кез келген жерде салқындатылған алкогольсіз сусындар ашық түрде сатылуда. Тіпті бүгінде көптеген ата-ана кішкентай балаларға да емін-еркін ішкізе береді. BAQ.KZ тілшісі тәтті, газдалған шырындар мен сусындардың зияны туралы шолу жасады.

Көптеген алкогольсіз сусындар құрамында шырындар, емдік шөптердің сығындылары, сергітетін заттар бар. Табиғи шикізат және емдік шөптердің сығындылары негізінде дайындалған сусындар иммунитетті нығайтуға ықпал етеді, ағзадағы метаболикалық процестерді ынталандырады және адамның минералдық заттар мен дәрумендерге деген қажеттілігін толықтырады деп жатады. Дегенмен, ылғи да тәтті шырындардың пайдасы бола бермейді.

«Түрлі бояғыштар – тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімін ұзартады»

Біз қызылды-жасылды, дәмі түрлі хош иісті сусындаға құмармыз. Десек те, мамандар сусындарды өндірушілер көбінесе табиғи шикізат пен сығындылардың орнына түрлі тағамдық қоспаларды, хош иістендіргіштерді (бояғыштар, консерванттар, тағамдық қышқылдар, тәттілендіргіштер және т. б.) пайдаланатындығын жазады. Тіпті, олар тамақ өнімдерінің түсін беру, күшейту немесе қалпына келтіру үшін қолданылады; микробтардың бұзылуынан немесе патогендік микроорганизмдердің өсуінен қорғау арқылы тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімін ұзартады; тағамның қышқылдығын арттыру үшін немесе оған қышқыл дәм беру және т.б. жағдайларды жақстару мақсатында қолданылатындығын айтады.

Сатып алған сусынды ішпеестен бұрын зерттеп, зерделеп аламыз ба? Әрине некен-саяқ. Енді қараңыздар, тамақ өнеркәсібінде қолдануға рұқсат етілген қоспалар мен бояғыштардың тізбесі төмендегідей.

Тамақ өнеркәсібінде қолдануға рұқсат етілген қоспалар мен бояғыштардың тізбесі

Еуразиялық экономикалық одақтың 029/2011 «Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздік талаптары» (ЕАЭО 029/2011 ТР) техникалық регламентінің № 2 қосымшасында регламенттелген, тағамдық қоспалар «Е» индексімен белгіленеді, мысалы, Е100 «Куркумин» (бояғыш); Е110 «Сары күн батуы» (бояғыш); E211 «Натрий бензоаты» (консервант).

Біздің еліміздің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі Қазақстан Республикасы (ҚР) және ЕАЭО-қа мүше-мемлекеттер бойынша өнімнің санитариялық-эпидемиологиялық мониторингсін үнемі талапқа сай жүргізеді.

Мәселен, БАҚ-тан алынған ақпарат негізінде өнімдерге санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу кезінде Қырғыз Республикасында зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша құрамында «Азорубин» (Е122) бояуы табылған Ауғанстан мемлекеті өндірісінің «Алтын өмір» («Golden life») газдалған анар сусыны сатылымнан алынғаны анықталды.

Тұтынушының назарына:

Азорубин (Е122) балалардың белсенділігі мен назарына теріс әсер етуі мүмкін", бүйрек үсті безінің қыртысына теріс әсер етіп, ринит пен бұлыңғыр көрудің пайда болуын тудырады.

Қазақстан Республикасының аумағында аталған өнімге мониторинг жүргізу барысында, ҚР-да сатылатын Ауғанстан өндірген «Алтын өмір» («Golden life»), «Royal», «Paradise», «Mani», «Pure» анар хош иісі бар алкогольсіз газдалған сусындарды Кеден одағының «Азық-түлік өнімдерін таңбалау бөлігінде» (КО ТР 022/2011) техникалық регламентінің талаптарына таңбалануы бойынша, атап айтқанда: (бояғыш (азорубин Е122) бар деген ескерту жазбасы жоқ»; тағамдық құндылықтың құрамы мен көрсеткіштері (калориялығы, көмірсулардың, дәрумендер мен минералдардың мөлшері); дайындалған күні және жарамдылық мерзімі; оның технологиялық мақсатын көрсету (бояғыш, қышқылдықты реттегіш) және халықаралық цифрлық жүйеге (INS) немесе Еуропалық цифрлық жүйеге (Е) сәйкес тағамдық қоспаның индексімен ауыстырылуы мүмкін тағамдық қоспаның атауы; дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның, импорттаушы ұйымның атауы және орналасқан жері немесе импорттаушы дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты және орналасқан жері; Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналысының бірыңғай белгісі жоқ екендігі) сәйкессіздіктер анықталды, - дейді ҚР ДСМ СЭБК Астана қаласының СЭБ департаментінен.

Аталған сусындарға, дайындаушының (импорттаушының) аталған сусындарға Кеден одағының «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Тамақ өнімдерін таңбалау бөлігінде» және «Тағамдық қоспалардың, хош иістендіргіштердің және қосалқы технологиялық құралдардың қауіпсіздік талаптары» техникалық регламенттерінің міндетті талаптарына сәйкестігін растауды бағалау рәсімдерінен өтпегенін көрсететін (сәйкестік туралы декларация) құжаттарының болмауы анықталған.

Осыған байланысты, Департамент тұтынушыларды алкогольсіз сусындарды таңдауда мұқият болуға, зат белгідегі таңбалауды мұқият зерделеуге, жарамдылық мерзіміне, сақтау шарттарына назар аударуға шақырады.

Өндіруші туралы ақпарат, шығарылған күні, жарамдылық мерзімі және басқа деректер жоқ таңбаланған өнімдер көбінесе жалған болып табылады және сіздің денсаулығыңыз үшін, туыстарыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығы үшін қауіпсіз емес. Өнімді таңдау әрқашан сіздікі! – дейді ҚР ДСМ СЭБК Астана қаласының СЭБ Департаменті басшысының орынбасары Айгүл Шағалтаева.

Жалпы, дүниежүзінде тәтті, энергетикалық сусындар тиімді табыс көзіне айналған сала. Энергетикалық сусындар бір сәттік болғанмен, соңында тигізетін зияны орасан зор. Зияндылығына қарамастан олардың тұтынуы бүкіл әлемде артып бара жатпаса, кемитін түрі жоқ. Бұрынырақта мұндай сусындарды жасөспірімдер жақсы көріп, солар ғана тұтынатын сияқты еді. Ал қазір жаппай тұтыну белең алды. Ал жасөспірімдер үшін тәтті сусын өте қауіпті.

Сондай тәтті сусынның түр-түрін жасөспірім кезінде көп пайдаланғандардың бірі – Наз Болат.

Энергетикалық сусындардың құрамында не бар екенін ол кезде кім білген. Тіпті оны тзиян екенін еш ойлаған да емеспін. Күніен су орынан да, шай орныан да тәтті сусындар ішіп жүретінмін. Әрине, студенттік шақ, жалпы барлығымыз бірдей-ақ сол сусындарды – кола, пепси, фанта ғой пайдаланатымыз. Әсіресе, мұз күйінде, салқын күйінде жиі аламыз. Бір күндерде газдалған сусын ішпеген күнім жоқ. Уақыт өте келе, менде ең алдымен жүректің тарсылдауы, жиі ентігу, әлсіздік, ұйқысыздық, ішіектердің ауырсынуы боал бастады. Түрлі дәрігер кеңесін сараптамасын ала отырып көз жеткен нәрсем. Бүкіл мазасыздығым – осы сусындарды ұдайы пайдаланудан болғандығы анықталды. Әрине, тәуелділік пен ішкім кеп тұратын шөлімді басады деген ұғымнан арыла алмай жүрдім. Сонда да арасында сатып аламын. Осылай енді тез ашулану, өзімді ұстай алмайтын күйгелектік пайда болды. Жүрек ол онсыз да атқақтап тұрды. Сонымен ұзақ дәрігер кеңесіне жүгіне отырып, бұл сусындардан мүлдем бас тарттым. Негізі, дәмі күшті, иісі күшті, жеңіл жүресің дегеннің бәрі уақытша сезім. Зардабы кейін шығады. Сондықтан мүмкіндігінше тұтынбаған дұрыс.

Әлем дәрігерлері тіптен бірнеше жылдан бері сок пен тәтті шырынның зияны туралы дабыл қағып келеді. Тәтті шырындар семіздіктен бастап түрлі ауру-сырқаудың негізгі бастамашысы екендігін дәлелдеуде.

Мәселен, профессор, Федералдық медициналық-биологиялық агенттіктің маманы, дербестендірілген медициналық диетология докторы Маргарита Королева газдалған сусындарды әлі де тұтынуға болады, бірақ өте сирек пайдалану керек екендігін айтады. сирек. Тәтті сусындардың зияны адам оларды күнделікті тұрақты түрде, үнемі ішкен кезде пайда болады. Бұл міндетті түрде денсаулыққа байланысты проблемаларға әкеледі.

Тәтті газдалған сусындар көмірсу алмасуының бұзылуына және ішек микрофлорасының бұзылуына әкеледі. Тұрақты түрде берілетін тәттілік микрофлораның құрамын бұзады, ішектерде жиналатын май процесін түзуіне көмектеседі. Тіпті бұл фактор ішектің тосқауылдық қызметін бұзады және сол арқылы ағзаның интоксикация қаупін арттырады, - дейді Маргарита Королева.

Дәрігердің айтуынша, газдалған сусындар да қауіпті, өйткені құрамында көмірқышқыл газы бар. Оның арқасында көмірсулар молекулалары қанға «ұшады» және қант деңгейін күрт арттырады. Нәтижесінде бұл инсулинге төзімділіктің қалыптасуына әкеледі – яғни, инсулинді қабылдауға организмнің қарсылығы. Сонымен қатар, қантты сусындарды жиі тұтыну май алмасуының бұзылуына және артық салмақтың жиналуына әкеледі. Осы факторлардың барлығы жүрек-қантамыр жүйесі ауруларына және қатерлі ісіктің әртүрлі жағдайына әкелетіні анық.

Сонымен қатар, тәтті сусындар балалардың денсаулығына қалай әсер етеді?

Газдалған, тәтті сусындар бала ағзасына барлық жағдайда кері әсер етеді.

Тіс жегісі. Сок құрамында тіс эмальын тоздыратын және кариес пен эмаль эрозиясының дамуына ықпал ететін қышқылдар бар.

Кекіру және жүрек айнуы. Көмірқышқыл газы асқазанды созады және оның ішіндегі қысымды арттырады, бұл кекіруге әкеледі. Сонымен қатар, газ асқазан қышқылын өңешке көтеріп, күйдіруді, шырышты қабықтың қабынуын және тітіркенуін тудыруы мүмкін.

Бауыр аурулары. Газдалған сусындардың көпшілігінде кездесетін тазартылған қанттың құрамында бауырда өңделетін фруктоза бар. Бірақ егер фруктоза тым көп болса, ол майға айналуы мүмкін, ол бауырда жиналып, майлы дегенерацияны тудырады. Бұл бауыр функциясының төмендеуіне, қандағы холестерин мен триглицеридтердің жоғарылауына, инсулинге төзімділік пен қант диабетінің дамуына әкелуі мүмкін.

Семіздік қаупінің жоғарылауы. Сондай-ақ газдалған шырындар балада артық салмақ қосуға ықпал етеді. Бір банка сода құрамында 10 шай қасық қант болуы мүмкін, бұл 150-200 калорияға тең. Бұл калориялар «бос» олар баланың денесін қанықтырмайды, тек майдың жиналуына ықпал етеді.

Сүйек беріктігінің төмендеуі. Газдалған сусын сүйектер мен тістердің минералдануына кедергі келтіруі мүмкін, өйткені организм тәтті сусын құрамындағы қышқылды бейтараптандыру үшін олардан кальций алады.

Бүйрек аурулары. Тәтті сусын уролитияны тудыруы мүмкін, өйткені көмірқышқыл газы зәр қышқылы мен оксалаттардың пайда болуына ықпал етеді. Бұл заттар бүйрек түтіктеріне түсіп, тастарды түзе алады, бұл ауырсынуды, іш қатуды, инфекцияны және бүйрек функциясының бұзылуын тудыруы мүмкін.

Сусыздандыру: сусын сіздің балаңыздың сусыздануына әкелуі мүмкін. Сусын шөлді баспайды, бірақ оны арттырады, өйткені қант пен тұз жасушалардан суды ағызады.

Газдалған сусындардың біздің ағзамызға тигізетін зияны туралы айтатын болсақ, олар кез келген басқа синтетикалық өнім сияқты, тұрақты және шамадан тыс тұтыну адамның жалпы әл-ауқатына әсер етіп, оның иммунитетін айтарлықтай төмендететінін ұмытпауымыз керек. Мұндай сусынды таңдағанда, оның шығу тегіне назар аударуға кеңес береміз: табиғи немесе синтетикалық, ондағы қанттың мөлшері және жарамдылық мерзімі. Және, ең бастысы, күнделікті сок сатып алмаңыз және оны сусынның негізгі көзі ретінде пайдаланбаңыз.

Дәрігерлер барлық адамға қарапайым суға, компоттарға, жеміс сусындарына немесе табиғи квасқа ауысуды ұсынады.

Өзгелердің жаңалығы