Татарстан тұрғыны өзі құрастырған ұшақ апатынан қаза тапты

57 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды.

 Бүгiн 2026, 15:47
Бүгiн 2026, 15:47
128

Татарстанда қолдан құрастырылған жеңіл моторлы ұшақтың апатқа ұшырау себептері тексеріліп жатыр. Апат салдарынан ұшақты басқарған пилот қаза тапты.

«Татар-информ» таратқан ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиға Арск ауданындағы Қазанбаш ауылының маңында болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің өңірлік басқармасы таратқан мәліметке сәйкес, жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшыраған. Әуе кемесін басқарған 57 жастағы жергілікті тұрғын оқиға орнында көз жұмған.

Белгілі болғандай, марқұм авиацияға әуес болған және ұшақты өз қолымен құрастырған. Қазір апаттың нақты себептері анықталып жатыр. Оқиға бойынша тексеру басталып, тергеуге Татарстан көлік прокуратурасы да қосылған.

БАҚ мәліметінше, ұшақ әлі ресми тіркеуден өтпеген. Әуе кемесі Қазанбаш ауылындағы жеке аэродромда құрастырылған және жуық арада оны арнайы комиссия тексеруі тиіс болған. Алайда қажетті рәсімдердің аяқталуын күтпестен, иесі ұшақты өзі ұшыру туралы шешім қабылдаған.

Оқиғаның барлық мән-жайы мен қауіпсіздік талаптарының бұзылуы мүмкін деген жайттар тексеру барысында анықталады.

Наверх