Тасқын кезінде Қарулы күштер мен Ұлттық ұланнан қанша сарбаз-жауынгер көмекке кетті

30 Сәуір 2024, 17:54
286
Бөлісу:
Тасқын кезінде Қарулы күштер мен Ұлттық ұланнан қанша сарбаз-жауынгер көмекке кетті
Фото: Қорғаныс министрлігі

Бұл туралы «Біз біргеміз» ұлттық телемарафоны эфирінде айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулин су тасқыны басталғалы Қарулы күштердің 5400-ден астам жауынгері аймақтарға аттанғанын айтты. Ол сондай-ақ 230 техника, 12 тікұшақ және 5 әскери ұшақ жіберілгенін жеткізді.

Ал Ұлттық ұлан бас қолбасшылығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бас басқармасының бастығы, полковник Нұрбай Бектұрсынов су тасқынына қарсы іс-шараларға 3 мың Ұлттық Ұлан сарбазы көмектескенін айтты.

Батыстағы арнасынан асқан Жайықтың жағасын нығайту, Солтүстіктің су басқан ауылдарындағы ағайынды қауіпсіз жерге көшіру, бөгет көтеру, судың бағытын бұру сынды шаралардың барлығында ұландықтардың үлесі зор. Тіпті, топан судың ортасында жүрген бірнеше курсантқа Мемлекет басшысының атынан сыйлық табысталды, - деді Нұрбай Бектұрсынов.

Айта кетейік, Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Біз біргеміз» ұлттық телемарафоны алғаш рет 10 республикалық телеарнадан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр. 5 сағаттық хабар су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар және қызыл су зардабымен күрескен құтқарушылар, еріктілер, дәрігерлер, бейжай қалмаған тұрғындар жайлы болады.

Өзгелердің жаңалығы