Тасқала ауданында салық төлеуден жалтарған кәсіпорын 77 млн теңге қарызын өтеді

Мемлекет қазынасы 77 млн теңгемен толықты.

27 Қазан 2026, 19:14
АВТОР
 ©BAQ.KZ коллажы 27 Қазан 2026, 19:14
27 Қазан 2026, 19:14
209
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында салық төлеуден жалтарған кәсіпорын 77 млн теңге қарызын өтеді.

БҚО Тасқала ауданының прокуратурасы салық заңнамасының сақталуын талдады. Талдау электрондық шот-фактуралар деректерін 300.00 нысанындағы салық есептілігімен салыстыру нәтижесінде «J» ЖШС тарапынан қосылған құн салығы сомасын төмендету фактісін анықтады.

Бұл ретте уәкілетті орган камералдық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жолдау бойынша тиісті шаралар қабылдамаған.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде анықталған заң бұзушылықтар жойылып, мемлекеттік бюджетке 77 млн теңге көлемінде міндетті салық төлемдерінің түсуі қамтамасыз етілді, - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, бұған дейін Кірістер комитеті тойға немесе туған күнге берілетін ақшалай аударымдардан салық төлеу қажет пе деген сұраққа жауап берді. 

Наверх