Тасмағамбетов туған күнін Меккеде қарсы алды

10 Желтоқсан 2019, 14:31
4803
Бөлісу:
Тасмағамбетов туған күнін Меккеде қарсы алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетовтің Меккеде құлшылық етіп жүрген суреті жарияланды. 

Бүгін әлеуметтік желіде Иманғали Тасмағамбетовтің умра қажылықта жүрген суреті таралып кетті. Бірақ фотоның нақты авторы белгісіз.

Айта кетейік, Қазақстанның Ресейдегі елшісі 9 желтоқсан күні 63 жасқа толған болатын. 

Иманғали Тасмағамбетов 1956 жылы 9 желтоқсанда Гурьев облысы Махамбет ауданы Новобогат ауылында дүниеге келген.

1979 жылы А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының жаратылыстану-география факультетін бітірген, география және биология пәндерінің мұғалімі. Әр жылдары жоғары мемлекеттік лауазымды қызметтерді атқарды. 

Атап айтсақ, ҚР премьер-министрі, мемлекеттік хатшы, ҚР президент әкімшілігінің басшысы, Астана, Алматы қалалары мен Атырау облысының әкімі болған. Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігін де басқарды.

Өзгелердің жаңалығы