Air Astana әуекомпаниясы таратқан мәліметке қарағанда, KC 128 рейсінің бортында қатты турбуленттілік болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін әуекомпанияның Ташкент-Алматы бағыты бойынша KC 128 рейсі жергілікті уақыт бойынша 14.35-те ұшып шыққан. Ұшу кезінде әуе лайнері кенеттен қатты турбуленттілік аймағына түскен.
Алдын ала ақпарат бойынша, жеті жолаушы түрлі жарақат алған.
Рейс экипажы жолаушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетті, ал ұшқыштар болған оқиға жөнінде әуежай қызметіне хабарлаған.
Әуе лайнері Алматыға 16.45-те қонды. Әуежайда шұғыл медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем көлігі жолаушыларды күтіп алды.