Ташкентте газ құю бекеттері уақытша жабылды

Ташкентте газ құю бекеттері уақытша жабылды
634

Ташкент қаласында автокөліктерге «метан жанармай құю бекеттері» уақытша жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚазАқпарат Өзбекстанның UZA ақпарат агенттігіне сілтеме жасап жазды.

Ташкент қаласы әкімдігінің мәлімдемеуінше, қала халқы тұтынатын және жылу жүйесінде пайдаланатын табиғи газ қысымының төмендеуіне байланысты автокөліктерге газ құю бекеттері уақытша жабылған.

Ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты қаламыздың кейбір аудандарында газ және жылу беруде іркілістер байқалды — коммуналдық қызметтер қолда бар газ қорын барлық тұтынушылар арасында бірдей бөлуге тырысқанымен, ресурстар жетіспейді. Мүмкіндігінше көп үйді газ және жылумен қамтамасыз ету үшін қоғамдық көліктерге қызмет көрсететін станцияларды қоспағанда, барлық басқа көліктерге жанармай құю бекеттері уақытша жабылды, - делінген әкімдік хабарында.

Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы