Тартысқа толы тай-брейкте Надальдың бағы жанды

24 Қазан 2019, 20:54
1601
Бөлісу:
Тартысқа толы тай-брейкте Надальдың бағы жанды
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Елордадағы "Барыс Арена" спорт кешенінде өтіп жатқан Рафаэль Надаль мен Новак Джокович арасындағы қайырымдылық матч мәресіне жетті. 

Алғашқы сетте испаниялық теннисші 6:3 есебімен басым түскен. Екінші сет сербиялықтың пайдасына шешілді. Джокович екінші кезеңді 6:3 есебімен аяқтап, таразы басын теңестірді.

Ал жеңімпаз тай-брейкте анықталды. Теннистегі "лотерейде" жолы болды. 

Қорытынды есеп - 6:3, 3:6, 9:11

Айта кетейік, бұл екеуі осымен спорттық карьераларында өзара 55-рет кездесті. Бұған дейін әлемнің бірінші ракеткасы саналатын сербиялық теннисші 54 ойынның 28-інде жеңіске жетсе, 26 матч қарсыласының пайдасына шешілген. Екеуі финалда 26 рет жолыққан. Надальда 19 "Үлкен дулыға" болса, Джокович 16 рет топ жарған.
Өзгелердің жаңалығы