Талдыкөл тағдыры: Белсенділерді тыңдаймыз ба, тұрғындарды тыңдаймыз ба?

24 Қыркүйек 2021, 14:12
2373
Бөлісу:
Талдыкөл тағдыры: Белсенділерді тыңдаймыз ба, тұрғындарды тыңдаймыз ба?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Соңғы уақытта ең көп талқыланған тақырыптардың бірі - Кіші Талдыкөл тағдыры. Жұртшылықтың пікірі шартты түрде екіге бөлінді. Көлді құрғатуға қарсылар және қаланың урбанизациясын қолдайтындар. Тараптардың әрқайсысы өз дәлелдерін келтіреді және өте сенімді болып көрінеді. Ал дұрысы қайсы? Шын мәнінде, көлді бастапқы түрінде жасау керек пе, әлде оны абаттандырып, қаланың көрікті аймағына айналдыру керек пе, әлемнің көптеген дамыған қалалары сияқты «эко-сити» жасау керек пе?

 

Ұшып келген қонақтар

Әлеуметтік желілердегі негізгі жаңалық: кіші Талдыкөлде фламинголар пайда болды! Бәз-біреулердің пайымынша, құстар жай ғана ұшып келген жоқ, сондықтан табиғат көлді құрғатуға болмайды. Мұндай эмоционалды жазбалар ақпарат алаңын басып қалды. Алайда, мынадай заңды сұрақ туады: бұл әдемі құстар қалада қайдан пайда болды? Олар қалалық көлде ұя салуы мүмкін бе? Оған Қорғалжын қорығы директорының ғылыми мәселелер жөніндегі бөлім басшысының орынбасары Сартай Жұматұлы Бимендин жауап берді.

«Елорда тұрғындары көрген фламинголар мұнда аз уақытқа қонақтаған жас құстар. Қазіргі уақытта олар қоныс аударуға дайындалып жатыр, жас қанаттылар қорықтың маңына да келіп 100 шақырымдай ғана қашықтықта ұшады. Кіші Талдыкөл олардың мекендейтін аймағы бола алады, олар сонда ұя салады деп айту мүлдем қисынға келмейді. Өйткені, фламинголар үшін мұнда азық-түлік базасы жоқ. Өйткені, фламинго моллюскалармен қоректенеді, бұл шаян тәрізділер. Олар тек Кіші Теңіз көлінде, қорық аймағында бар.

Айта кету керек, Кіші Теңіздегі судың минералдануы өте жоғары, Мұхит суынан бірнеше есе жоғары. Дәл осы моллюскалар оларға әдемі қызғылт түс береді. Олар мұнда Үндістаннан, Ираннан, Ирактан, Ауғанстаннан, Пәкістаннан балапандарын өсіру үшін келеді. Қазан айының соңында фламинго жылы жақтарға ұшып кетеді».

Бұл – қорықта бірінші жыл жұмыс істемейтін және құстар туралы қарапайым адамдардан гөрі көп білетін маманның пікірі. Демек, фламинго, көл туралы басқа да әңгімелер тек эмоцияларға негізделген және ғылыми растамасы жоқ.

 

Қате аккордтар

Көл жағасында ақ кимешекті әдемі әйелдердің пайда болуы керемет және әсерлі жаңалық болды. Кимешекке ұқсас бас киімдер, перформансқа қатысушылардың киген киімдері этностильге сай талаппен болған деп пайымдауға негіз береді.

Ұлттық киімдерді пайдалану, әлбетте жақсы маркетингтік қадам және ол бірден назар аудартады. Алайда, біз ұлттық безендірудің тарихы мен этимологиясына жүгінетін болсақ, онда казактардың мұндай келбеті тек ерекше жағдайларда ғана рұқсат етілген. Мысалы, ғалым, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Батырхан Қасымовтың сараптамалық пікірі мынадай: «Күнделікті өмірде қазақ қыздары міндетті түрде камзол, бешпент, ұзын көйлектер киетін, оларсыз жүруге болмайды. Ал кимешекті тек әйел адам киеді деп сенген. Кимешексіз киімде олар тек екі жағдайда жүруге мүмкіндік берді: алғашқысы, ұйықтар алдында (бірақ ешкімге көрінбеді, оны ең жақын адамдары ғана көреді: әпкелері, күйеуі, келіндері, анасы сияқты); екінші, қиын жағдайға тап болғанда. Мәселен, күйеуі немесе ұлы, әкесі қайтыс болса, жаугершілік кезінде үйін өртенген жағдайда, барлық туыстарын өлтірген немесе қандай да бір келеңсіздіктерде, көбінесе қоғам тұрғысынан орынсыз оқиғалар орын алса, яғни неке адалдығы үшін ауылдан, отбасынан қуылған болса. «Абай жолы» романындағы Қамқаны қайын атасымен көңіл жарастырғаны үшін ауылдан қуғаны бұған айқын мысал бола алады.

Егер этнология тұрғысынан алатын болсақ, көйлек киген және сырт киімі жоқ әйелді «Қадірі жоқ немесе қадірі кеткен» деп санаған. Яғни, спектакльді ұйымдастырушылар мұндай нәзіктіктерді ескермеген немесе өмірдің көптеген салаларын, соның ішінде киім киюді реттейтін далалық әдептің бар -жоғын білмеген деп сенімді түрде айтуға болады.

 

Ванильсіз «хош» иістер

Бірнеше жыл бұрын жақын маңдағы үйлердің тұрғындары көлдерден келетін жағымсыз иіске шағымданы есімізде. Аммиак буы соншалықты күшті болғандықтан, адамдар жазда да терезелерін жабық ұстауға мәжбүр болды. Қаланың өзге тұрғындары да қолқаны қабатын ауадан ығырлары шықты. Бұл проблема барынша көтеріліп, наразылықтар жиі орын алды. Ақыры, Елбасыға жетіп, мәселе биік мінберлерде де қозғалған. Сол кезде Тұңғыш Президент жауапты тұлғаларға Талдыкөлдің түйткілін белгілі бір мерзімде шешуді бұйырды.

Негізінде, қала билігі соңғы жылдары бұған күш-жігер жұмсап, 1969 жылдардан бергі ағынды сулардың буландырғышына айналған Талдыкөлді қалпына келтіруге көп қаражат бөлді. Бұл шығындар шағын Талдыкөлдің шекарасына да әсер еткен жоқ, ол қалалық кәріз-тазарту құрылыстарының бір бөлігіне айналып қала берді.

Бес жылдан астам уақыт бойы көлшіктің түбін тазарту жұмыстары жүргізіліп келеді. Алайда, шөгінділердің қалыңдығы тым үлкен болды. Бұл көл көптеген жылдар бойы кәріз қалдықтарын төгетін орын болғанын ескерсек, бұған таңқалуға да болмайды. ЭКСПО көрмесінің алдында көлге келетін сарқынды суды тоқтату жобасы іске асырылды, нәтижесінде көл суы тұнып, иіс көзі жойылғандай болған. Бірақ кіші Талдыкөл мәселесін шешпейді, себебі ластану аумағы тым үлкен.

Көлді зерттеген ғалымдардың еңбектеріне назар аударсақ. Мысалы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті сарапшыларының қатысуымен дайындалған Талдыкөл жүйесінің жай-күйін бағалау жөніндегі қоғамдық экологиялық сараптама есебінің деректері. (Нұр-сұлтан, 2021 ж.).

Кіші Талдыкөл алты бөлек көлден тұрады. Көктемгі су тасқыны болған жылдары, шашыраңқы көлдер бірыңғай су кеңістігіне біріктіріледі, ол жазғы-күзгі тартылу кезеңдерінде қайтадан жеке су объектілеріне бөлінеді. Зерттеу мақсатында су сынамалары алынған, органолептикалық көрсеткіштерге, РН, тотығуға, сілтілікке, жалпы қаттылыққа, құрғақ қалдыққа, катиондар мен аниондарға және басқа да ауыр металдарға гидрохимиялық талдаулар жасалды.

Талдау нәтижелері бойынша кальций, магний, калий+натрий, жалпы қаттылық, хлоридтер, сульфаттар, темір, марганец шекті рұқсат етілген концентрациялардан асып кеткен. Су айдындарындағы ауыр металдардан қорғасын мөлшерінің артуы тіпті маңызды. Сонымен қатар, кіші Талдыкөлде табиғи су ағыны немесе көлді толықтыратын бұлақтар жоқ екенін түсінген жөн. Яғни, Талдыкөлдің орташа тереңдігі қазір 0,2 метрден аспайтыны анық.

Кішкене ғана көлдің айналасында бәрі шіріп жатқанын мойындау керек. Жағымсыз иіс те ешқайда кеткен жоқ, бар. Жақын болашақта бұл жаңа жергілікті экологиялық проблеманың пайда болу қаупін тудырады. Масалар, шыбын-шіркейлер, жағымсыз иістер қайтадан тұрғын үйлерге жетеді.

Содан соң басқа сипаттағы проблемаға тап боламыз, тұрғындар иісті жоюды, яғни көлді жоюды талап етеді.

 

Тартыстың төркіні неде?

Тараптардың тағы бір дәлелдеріне көз жүгіртсек. Экологтардың бірі қаланың климаты зардап шегеді десе, енді бірі желдету бұзылады, құстардың кейбір түрлерінің жойылып кету қаупі бар, мұнда салынатын ғимараттар құлап қалуы әбден мүмкін дейді. Сондай-ақ жабайы жануарлардың қоныс аударатын түрлерін сақтау жөніндегі халықаралық конвенцияның бұзылуына сілтеме жасалады.

Екінші жағы көл толығымен құрғатылмайтынын, саябақ аймағы салынатынын, су айдыны абаттандырылып, қала тұрғындары демалатын орын құрылатынын айтады. Көлді құрғату туралы әңгіме тумайды, өйткені ол табиғи құрғату процесін бастан кешіреді және бірнеше жыл бойы кебеді. Сонымен қатар, судың сапасы төмен, ауыр металдармен қаныққан. Егер таза емес суы бар құрғатылатын көлдің орнына су қоймасы бар тазартылған демалыс орны пайда болса, жақсы емес пе?

Екі жақтың дәлелдері өте сенімді. Бірақ қандай даудамайда да тараптардың бір-бірін естімейтіні заңдылық.

Мәселен, қалада сол су жүйесінің бір көлшігінің үстінен, яғни Талдыкөл көлдерінің бірінде салынған тұрғын үй кешені бар екенін растайтын бір ғана фактіні алайық. Бірнеше жыл бұрын салынған және өз тұрғындарын аман-есен қабылдаған «Санрайс» тұрғын үй кешені. Тиісінше, Қарағандыдағы «Бесоба» сияқты құрғатылған батпақты жерде салынған ғимараттар құлап кетуі мүмкін деген белсенділердің алаңдаушылығына негіз жоқ. Құрылыстың барлық технологияларын ескере отырып тұрғызылса, проблемалар болмауы керек. Құрғатылған батпақта салынған, мыңдаған отбасы тұрып жатқан «Зеленый квартал» тұрғын үй кешені тұр.

Сонымен, Кіші Талдыкөлдің айналасындағы шу неге басылмайды? Мүмкін, бұл экологиялық мәселе емес, басқа мүдделер қақтығысы шығар? Құстарды, ұлттық киімдерді және басқа да элементтерді қолдана отырып, эмоционалды түс берудің барлық әрекеттерінің астарында не жатыр?

Айта кетейік, заңнамаға сәйкес, шығу тегі әртүрлі сулардың жиналуы бар жерге құрылыс жұмыстарын жүргізуге тыйым салынбайды. Бұдан басқа, қаланың дамуын айқындайтын басты құжат – қала құрылысының бас жоспары болып табылады және ҚР Жер кодексінің 109-бабында айтылғандай, қалалардың барлық жерлері бас жоспарға сәйкес пайдаланылады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген инженерлік-көлік инфрақұрылымын қамтамасыз ете отырып, Нұр-Сұлтан қаласында жинақы құрылыс салу жөніндегі 2019-2023 жылдарға арналған кешенді жоспар бар. Бұл жоспарда егжей-тегжейлі сипатталған, жоспарлау жобасына сәйкес белгілі бір тереңдігі бар және табиғи, табиғи құрғату процесі жүрмейтін суды сақтай отырып, МТК, әлеуметтік маңызы бар объектілерді салу көзделгені көрсетілген.

Бұған дейін БАҚ-та хабарланғандай, бір санаттан екінші санатқа ауысқан кезде, кіші Талдыкөлде құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жаңа қаулы талап етіледі.

Ал біздің анықтағанымыздай, әу бастан көлдің паспорты жоқ және ешқандай су қорына жатпайды, мемлекеттік су кадастрында тіркелмеген. Яғни, біз мұны реттейтін және растайтын құжаттарды таппадық. Құрылыс жұмыстарын бастау үшін оны елді мекен жерлерінің санатына ауыстырудың қажеті жоқ екені белгілі болды: жер балансына сәйкес, бұл су объектісі іс жүзінде елді мекен жерлерінің санатында болған.

Сонда жаңа шешім не үшін қажет? Бұл ретте, мәселе құрылыс салуға рұқсаты бар екенін растайтын құжат әзірлеуші ​​компанияда болуы ықтимал. Оның қатысуы барлық түсініксіз тұстарды айтарлықтай нақтылайды және ақырында бұл ұзақ дауға нүкте қояды. Қазіргі уақытта біз компанияға тиісті сұраныс жібердік және ресми түсініктеме күтеміз.


Өзгелердің жаңалығы