Tartyl Fest: Елордадағы жарысқа 650 адам өтінім берді

6 Қыркүйек 2022, 20:34
1169
Бөлісу:
Tartyl Fest: Елордадағы жарысқа 650 адам өтінім берді
PHOTO

Бүгін елордада  турникте тартылу бойынша Tartyl Fest спорт фестивалінің соңғы 20-кезеңі  EXPO аумағындағы сахна алдында өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айта кетейік, Tartyl Fest Президент жанындағы «Дара» қоғамдық қорының қолдауымен еліміздің 20 өңірінде ұйымдастырылды.

Tartyl Fest: Елордадағы жарысқа 650 адам өтінім берді

Жоба амбассадоры, жаттықтырушы және актер Айтым Жақыповтың айтуынша, елордада жарысқа қатысуға 650-ден астам адам өтінім берген және қатысушылар жаңа рекорд орнатуға ниет білдірді.

Tartyl Fest: Елордадағы жарысқа 650 адам өтінім берді

Әзірге республика бойынша турникке тартылу рекордын елу мәрте тартылған- 50 Қарағандылық Евгений Нам.

Турнирдің ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаев, «Дара» қолдау қорының басшысы Нұрлан Қоянбаев, белгілі спортшы Дамир Муминов, жоба амбассадоры, қоғам қайраткері Айтым Жақыпов қатысып, жарыс қатысушыларына сәттілік пен жеңіс тіледі.

Tartyl Fest: Елордадағы жарысқа 650 адам өтінім берді

Шынында да, бұл нағыз бұқаралық спорт түріне айналды. Мұнда ең мықтылар жеңеді. Баршаңызға зор сәттілік тілеймін, ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды білдіремін. Бұл шараға ел бойынша 12 мыңнан астам адам қатысқанын айта кету керек. Кей ересектер жастарды клавиатурадан бас көтермейді деп сынайды, Tartyl Fest сияқты жақсы ұйымдастырылған шаралар болса, әрине жастар көптеп қатысады, - деді Мәдениет және спорт министрі фестиваль қатысушылары мен қонақтарына.

Мәдениет және спорт министрі бұл жобаның тоқтап қалмайтынын, алдағы жылдары да ұйымдастырылуы қажет екенін атап өтті.

Tartyl Fest: Елордадағы жарысқа 650 адам өтінім берді

Осындай шаралар жыл сайын өткізілсе, біздің елімізге, жас балаларға жақсы серпін береді деп сенемін. Ең бастысы тартылатын турник әр ауылда бар, мемлекеттік қолдаудың арқасында әр ауылда емес, әр аулада бар. Қалған спорт түрлері де осындай деңгейге жетіп, нәтиже көрсетсе, міндетті түрде қолдау қажет, - деді Дәурен Абаев.

Еске сала кетсек, турникке тартылу фестивалі 10 шілдеде Қонаев қаласында басталған еді. Кейін Түркістанда, Талдықорған, Алматы, Тараз, Шымкент, Ақтау, Қызылорда, Атырау, Орал, Ақтөбе , Қостанай, Петропавл, Көкшетау, Жезқазған, Қарағанды, Өскемен, Семей қалаларында жалғасын тапты.

Tartyl Fest: Елордадағы жарысқа 650 адам өтінім берді

Шымкенттік Азамат Сапар турникте 41 рет тартылып, рекорд орнатты. Бұған дейін турникке тартылу бойынша рекорд жасаған Алматылықтарды (40) баса озып, мықтылығын дәлелдеді. Ал, 13 рет тартылған жеті жасар Мәдихан Қажымұқан ұйымдастырушылардың арнайы сыйлығына ие болды.

Одан кейін Ақтау қаласында 32 жастағы қатысушы Дамир Нәбиев белтермірге 44 рет тартылып, жаңа рекорд орнатты.

Tartyl Fest: Елордадағы жарысқа 650 адам өтінім берді

Бұл рекордты 51 жастағы қостанайлық Андрей Антонян жаңартты, ол турникке 45 мәрте тартылды.

Қарағандыда өткен турнирде  Евгений Нам есімді қатысушы турникке 50 рет тартылды. Осылайша, әзірге Tartyl Fest рекорды Қарағанды қаласына тиесілі.

Жалпы фестиваль еліміздің 20 қаласында ұйымдастырылды, онда қазақстандықтар ақшалай жүлде жеңіп алу мүмкіндігіне ие болды. Әр қаладан 27 жеңімпаз таңдалып, ақтық сайыста өз күштерін сынайтын болады.

Tartyl Fest: Елордадағы жарысқа 650 адам өтінім берді

Бірінші орын үшін қатысушылар 200 мың теңге, екінші орын үшін – 100 мың теңге, үшінші орын үшін – 50 мың теңге ақшалай сыйлық алады.

Әр қаланың жеңімпаздары (тоғыз санатта) елордада өтетін гранд-финалға қатысады, оның күні жақын арада белгілі болады.

Tartyl Fest: Елордадағы жарысқа 650 адам өтінім берді

Гранд-финал чемпиондары Street workout бойынша әлем чемпионатына жолдама алады.

Өзгелердің жаңалығы