Тәртіпсіздіктер кезінде залал келген мемлекеттік органдардың 15 ғимаратына күрделі жөндеу қажет

22 Қаңтар 2022, 16:10
1485
Бөлісу:
Тәртіпсіздіктер кезінде залал келген  мемлекеттік органдардың 15 ғимаратына күрделі жөндеу қажет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттің Алматыдағы резиденциясын Президенттің Іс басқармасы қалпына келтіреді.

Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Премьер-министр Әлихан Смайылов өткізген селекторлық жиында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев еліміздің 8 өңіріндегі тәртіпсіздіктер кезінде бірқатар ғимараттар, оның ішінде мемлекетке тиесілі 45 ғимарат зардап шеккенін хабарлады. 

Президенттің Іс басқармасы жоспарлы түрде қалпына келтіретін Президенттің Алматыдағы резиденциясын қоспағанда, қазіргі уақытта барлық мемлекеттік нысандар бойынша техникалық тексеру жүргізілді. 45 мемлекеттік нысанның 15-і күрделі жөндеу мен қайта жаңартуды, қалған 30 ғимарат ағымдағы жөндеуді қажет етеді, - деді ИИДМ басшысы. 

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда 4 нысанда қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Қалғандары бойынша сметалық және жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленеді.

Өзгелердің жаңалығы