Тарих пен мәдениет. Шетелдік журналистер Қытайда тәжірибе алмасты

21 Қазан 2023, 11:40
1047
Бөлісу:
Тарих пен мәдениет. Шетелдік журналистер Қытайда тәжірибе алмасты
PHOTO
Фото: автордан

Қытайда өткен «Бір белдеу, бір жол» үшінші халықаралық форумының аясында шетелдік журналистер Шаньси провинциясын аралады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

27 елден келген 25 журналист Қытай Қоғамдық дипломатия қауымдастығы (CPDA) және СІМ ұйымдастырған баспасөз туры аясында Шаньси провинциясына барып, бірқатар нысанды аралады. Шетелдік журналистердің қатарында Қазақстан, Өзбекстан, Пәкістан, Үндістан, Судан, Мысыр, Латын Америкасы, Шри-Ланка, Камбоджа, Вьетнам сияқты елдердің БАҚ өкілдері бар.

Тарих пен мәдениет. Шетелдік журналистер Қытайда тәжірибе алмасты

Қытайдың Шаньси провинциясы халық үкіметінің сыртқы істер жөніндегі директоры Дун Сяолин Қытай мәдениетті насихаттау және дипломатиялық қарым-қатынастарды дамыту үшін шетелдік журналистермен тығыз байланыста жұмыс істейтінін атап өтті.

Тарих пен мәдениет. Шетелдік журналистер Қытайда тәжірибе алмасты

Форум мүдделі тараптарға дамуды бағалауға және байланысты жақсартуға мүмкіндік беру үшін жасалған. Біз 25 елден келген 27 журналиспен осы халықаралық ынтымақтастық форумы аясында кездесіп отырмыз. Шаньси - Қытай халқы мен өркениетінің маңызды бесігі, әйгілі таулары мен өзендерімен танымал. Сондай-ақ провинция Қытай өнері мен ұлттық сәулет өнерінің мұражайы ретінде де белгілі, - деді провинция өкілі.

Тарих пен мәдениет. Шетелдік журналистер Қытайда тәжірибе алмасты

Ол шетелдік журналистерге осы сапар Қытай мәдениетіне жаңаша көзқараспен қарауға және елдердің Қытаймен дипломатиялық қарым-қатынасын ілгерілетуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Қытай Сыртқы істер министрлігі Ақпарат департаментінің кеңесшісі Лю Юйтун елдің экономикалық өсімі жаһандық дамуға жалпы мүмкіндіктер бере алатынын айтты.

Тарих пен мәдениет. Шетелдік журналистер Қытайда тәжірибе алмасты

Шаньси провинциясының мәдениеті бай, табиғи ресурстары да мол, бұл сапар журналистердің Қытайды жақсырақ тануына көмектеседі. Журналистер кеше ғана аяқталған «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық форумы аясында Шаньсиге келіп, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алды. Бұл пайдалы болады деп ойлаймын. Былтыр Шаньси провинциясының жалпы ішкі жалпы өнімі 2500 миллиард қытай юанына жетіп, Қытайдың бүкіл провинциясынан асып түсті. Шаньси біздің негізгі қуатты провинциямыз. Бұл жерде Қытайдағы көне тарих заманауи кезеңмен тоғысады. Бұл сапар Қытай мен елдеріңіздің ортақ болашақ туралы қарым-қатынасын тереңдетуге мүмкіндік береді деп үміттенемін, - деп айтты Лю.

Баспасөз туры аясында БАҚ өкілдері Шаньси провинциясының әкімшілік орталығы Тайюань қаласына тоқтады.

Тарих пен мәдениет. Шетелдік журналистер Қытайда тәжірибе алмасты

Тайюаньның тарихына көз жүгіртетін болсақ, қаланың шамамен 2 000 жылдық тарихы бар. Қала туристік орталық болмай, керісінше өнеркәсіптік, экономикалық орталыққа айналған. Көпшілік Тайюаньды темір мен көмірдің қаласы деп атайды. Өйткені кәсіпорынның көбі осы аймақта орналасқан. Айта кетерлігі, қала халқының саны шамамен 3,5 млн адамға жетеді.

Тарих пен мәдениет. Шетелдік журналистер Қытайда тәжірибе алмасты

Шетілдік БАҚ өкілдері іссапар аясында қаладағы электр энергиясын өндірумен айналысатын Shanxi Ruiguang Heat and Power Co. Ltd. және Taiyuan Heavy Machinery Group (TZCO) кәсіпорындарының жұмысымен танысты.

Тарих пен мәдениет. Шетелдік журналистер Қытайда тәжірибе алмасты

1950 жылы негізі қаланған Taiyuan Heavy Machinery Group Co., Ltd. (TZCO) Қытайдағы ауыр машиналарды шығаратын алғашқы кәсіпорын. TZCO - әлемдегі жалғыз ғылыми-зерттеу базасы және теміржол көлігінде қолданылатын дөңгелектердің, осьтердің және редукторлардың толық портфолиосының өндірушісі, әлемдегі жалғыз ғылыми -зерттеу базасы және тау-кен экскаваторларының және гидравликалық экскаваторлардың өндірушісі. Сонымен бірге су электр станцияларына арналған әлемдегі ең үлкен 1300 тонналық көпірлі крандарды және 550 тонналық құю крандарын қоса алғанда, крандардың толық жинағын шығаратын әлемдегі жалғыз кран өндірушісі. Өнімдері 60-тан астам ел мен аймақтарға экспорттаған. Оның ішінде Қазақстан да бар.

Сондай-ақ журналистер делегациясы Хоугоу ауылы, Вужиньшань қаласы және Юци ауданын да аралауға мүмкіндік алды.

Тарих пен мәдениет. Шетелдік журналистер Қытайда тәжірибе алмасты

Юци қаласынан солтүстікке қарай 18 шақырым жердегі таулы аймақта орналасқан Хоугоу ауылы 2,95 шаршы шақырым аумақты алып жатыр. Ауыл тұрғынының саны 260 адам. 112 үй шаруашылығы бар. Ауылды жандандыру стратегиясы аясында Хоугоу ауылы тозған ауылдан заманауи ауылға айналған. Құрғап тұрған алқаптар қалыпқа келтіріліп, ластанған жерлер стратегия аясында гүлдене түскен. Яғни толық инфрақұрылымы бар, соның ішінде ағын суы бар, электр энергиясы, жолдары, газ, жылу, цифрлық қызметтері бар заманауи ауылдық аймаққа айналған.

Тарих пен мәдениет. Шетелдік журналистер Қытайда тәжірибе алмасты

Ауылда партия және халыққа қызмет көрсету орталығы, мәдениет үйі, қоғамдық монша, фермерлер саябағы, қоймалар және т.б. сияқты нысандар бар. Ауыл әртүрлі марапаттарға ие болды, соның ішінде «Қытайдың әдемі демалыс ауылы» атағы да бар. Хоугоу «ауыл ұжымы + серіктестік + фермерлерді» қамтитын даму үлгісін қабылдаған. Бұл үлгі бойынша ауыл ұжымы 300-ден астам шашыраңқы құрғақ алқапты 15 құнарлы алқапқа айналдырып, шаруалардың жерін біріктіріп, ұжымдық келісімшартқа отырады. Жалпы егістік жер көлемі де шамамен 30 га-дан 60 га-ға дейін ұлғайған. Ауылда экологиялық жобалар енгізілді, оның ішінде көкжидек бағы, сауықтыру қалашығы. Бұл жобаларға салынған инвестицияның жалпы көлемі 1 миллиард юаннан асып, өнеркәсіптің нөлден нақтылауға дейін дамып, колхозшылардың да, фермерлердің де табысын екі есеге арттырды.

Ауыл тұрғындарына үкімет ескі үйлерінің орнына заманауи үлгідегі жаңа баспана салып берген. Сонымен қатар ауылдың әкімшілігі әр отбасыны жұмыспен қамтиды. Сәйкесінше тұрақты жалақы алады.

Тарих пен мәдениет. Шетелдік журналистер Қытайда тәжірибе алмасты

Хоугоудағы фермерлерді бірі маракуйя, айдаһар жемісі сияқты тропикалық жемістерді өсіретін жылыжайын көрсетті. Фермердің сөзінше, жылыжайдағы жемістер күн сәулесінің көмегі арқылы піседі. Бұл жемістер ауыл нарығын толығымен қамтып отыр.

Тарих пен мәдениет. Шетелдік журналистер Қытайда тәжірибе алмасты
Тарих пен мәдениет. Шетелдік журналистер Қытайда тәжірибе алмасты
Тарих пен мәдениет. Шетелдік журналистер Қытайда тәжірибе алмасты

Сондай-ақ Шаньси провинциясында Qixian Honghai Glass Co. Ltd. кәсіпорны бар. Журналистер кәсіпорынды аралап, қандай ыдыс-аяқ дәл осы зауытта шығарылатын көрді.

1953 жылы негізі қаланған Qixian Honghai Glass - бұл өндіріс, білім, зерттеу, сауда, өнеркәсіп және туризм интеграциясы бар шыны өндіруші кәсіпорын. Компанияда 400-ден астам қызметкер бар, оның ішінде 20-дан астамы тұрақты жұмыс істейтін ғылыми қызметкерлер. Компания шыны ыдыстарды қолмен бояйтын ең жан-жақты мүмкіндікке ие. Соңғы жылдары үздіксіз технологиялық инновациялардың арқасында компания Таяу Шығыста, Еуропада, АҚШ-та, Ресейде және басқа да 60 елдер мен аймақтарда жақсы сатылған алты санат бойынша шыны ыдыстардың 1200-ден астам түрін шығарды. Былтыр 1200 тонна шыны ыдыс өндіріліп, 20 миллион юань сауда кірісіне қол жеткізді.

Тарих пен мәдениет. Шетелдік журналистер Қытайда тәжірибе алмасты

Ежелгі қала сыры

Пиньяо ежелгі қаласы Шаньси провинциясының орталық бөлігінде орналасқан. Ол алғаш рет Батыс Чжоу әулетінің патшасы Сюань тұсында (б.з.д. 827-782) салынды және Мин әулетінің Хунву билігінің үшінші жылында (1370) кеңейді. 2700 жылдан астам тарихы бар Пиньяо Мин және Цин әулеттері кезіндегі уездік қаланың негізгі келбетін керемет күйінде сақтап қалған.

1997 жылы Пиньяо ежелгі қаласы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілді. Ежелгі қаланың жалпы ауданы 2,25 шаршы шақырым және әлі күнге дейін 42 000 тұрғыны бар, өзінің Мин және Цин әулеттерінен қалған тарихи келбетін сақтайды. Қала қабырғалары Мин әулетінің Хунву билігінің үшінші жылындағы кеңеюден бері бастапқы күйінде қалды.

Ғибадатхана кешендері, округтік үкімет кеңселері және басқа ғимараттардың да түпнұсқасы сақталған. Қалада 100-ден астам көше мен аллея бар. Мұнда 3 797 дәстүрлі тұрғын үй бар, бұл оны Хань Қытай мәдени аймағындағы ең жақсы сақталған ежелгі тұрғын үй қауымдастығына айналдырады.

Тарих пен мәдениет. Шетелдік журналистер Қытайда тәжірибе алмасты

19 ғасырдың аяғында Пиньяо ежелгі қаласы қаржы индустриясындағы ең гүлденген қалалардың бірі болды. Ол қазіргі заманғы банктердің жобалары және қаржы институттарының бас кеңселері үшін маңызды орталық болды.

Ежелгі қала туристер арасында өте танымал жерлердің бірі саналады.

Қалада Тангду лак бұйымдарының музейі бар. Яғни Пиньяо - қытайлық лакпен қаптау техникасының шыққан жері және оның қолмен жылтыратылған лак бұйымдары Қытайдың төрт көрнекті лак түрлерінің бірі саналады. Лак бұйымдарының бүкіл процесі толығымен қолмен жасалады. Пиньяо лак бұйымдары 2006 жылы мемлекеттік деңгейдегі материалдық емес мәдени мұраның тізіміне енгізілген.

Қолөнершілер бұйымдар табиғи таза өнімнен өз қолдарымен жасайды. Шеберлердің өз қолынан шыққан мұндай жұмыстар өте құнды бағаланады. Мысалы, осындай ваза 150 000 юаньға (шамамен 10 млн теңгедей) сатылады.

Тарих пен мәдениет. Шетелдік журналистер Қытайда тәжірибе алмасты
Тарих пен мәдениет. Шетелдік журналистер Қытайда тәжірибе алмасты

Пиньяо ежелгі қаласына келген туристер ерекше қойылымды тамашалады. Қонақтарға See Pingyao Again театрының актерлері банк иесі (Чжао) мен оның күзетшілері туралы баяндайды. Чжао - Пиньяодағы банк иесі. Ван Ресейдегі филиалдың иесі және Чжаоның қызметкері. Ұлы Октябрь социалистік революциясы кезінде Ресейдегі банк бизнесі зардап шегіп, Ван отбасының 13 мүшесі өлтіріледі. Театр актерлері қойылымда осы оқиғаны баяндайды.

Тарих пен мәдениет. Шетелдік журналистер Қытайда тәжірибе алмасты

Қойылымның бір ерекшелігі, көрермендер оны бір орында отырып көрмейді. Оқиға әртүрлі залда көрсетіледі. Яғни көрермендер бір залдан екінші залға жүріп, оқиғаның қалай өрбігенін тамашалай алады.

Тарих пен мәдениет. Шетелдік журналистер Қытайда тәжірибе алмасты
Тарих пен мәдениет. Шетелдік журналистер Қытайда тәжірибе алмасты

 

Индонезиялық журналист Луки Аулия қойылымнан кейінгі сезімін бөлісті.

Осындай кешкілік шоуды тамашалауға мүмкіндік туғанына қуаныштымын. Бұл ең керемет көріністердің бірі болды. Олардың не айтып жатқанын түсінбесем де, бұл қайғылы оқиға болғанын сезіндім, - дейді әріптесіміз.

Еске сала кетсек, 17-18 қазан күндері Бейжіңде жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» бастамасының III форумы өтті.

Жоғары деңгейлі «Бір белдеу, бір жол» үшінші халықаралық форумының ашылуында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев баяндама жасап, өз ұсынысын айтқан болатын

Президенттің қытай тілінде жасаған баяндамасы қытайлықтардың арасында қызу талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы