Тарифті көтеріп байып кетейік деп жүрген жоқпыз – Владимир Мележик

9 Наурыз 2021, 20:45
1434
Бөлісу:
Тарифті көтеріп байып кетейік деп жүрген жоқпыз – Владимир Мележик

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Энергия өндіруші кәсіпорындардың көбі шығынмен жұмыс істейді. Тозығы жеткен құрылғылар мен жалақының төмендігі тағы бар. «Жамбыл ГРЭС» АҚ бас директорының кеңесшісі Владимир Мележик электр энергиясы тарифін көтеруге қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, кез келген энергия өндіруші кәсіпорын заңға сәйкес жаңа жылдың тарифін бекіту жөнінде ұсыныс жасай алады. 

Оны да шығын мен кірістің әр тиынын есептеп барып істейді. Өйткені жанар-жағармай, электр энергиясын өндіруге қажетті шикізат бағасы көтеріліп кетті. Энергия өндіруші кәсіпорындардың көбі онсыз да шығынмен жұмыс істеп келген, ал бағаның өсуі жағдайды күрделендіре түсті, - дейді ол. 

Оның айтуынша, олардың кәсіпорыны өткен ғасырдың елуінші жылдары салынған. Құрылғылары мен технологиясы модернизациялауды талап етеді.

Апаттардың орын алуына да осы себеп. Жұмысшылардың жалақысын көтеру мәселесі тағы бар. Алайда бұл мақсаттарды жүзеге асыруға қазіргі бекітілген тариф мүмкіндік бермейді. Мысалы қазір біздің кәсіпорынның өзіндік құны мен бекітілген тарифте айырмашылық үлкен, - дейді ол. 

Оның айтуынша, тарифті көтеру тұтынушыларға оңай тимесі анық.

Тарифті көтеріп, байып кетейік деп жүрген жоқпыз, шығынмен жұмыс істемеудің амалы ретінде ұсынып отырмыз. Халықтың төлем қабілеті, әрине, бізді алаңдатады. Алайда оның жақсарту өзге ведомстволардың міндеті болу керек, - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы