Тарифтер инфляция дәлізі бойынша өзгереді – Тимур Жақсылықов

15 Шілде 2022, 15:47
1192
Бөлісу:
Тарифтер инфляция дәлізі бойынша өзгереді – Тимур Жақсылықов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлімдеді.

Екінші жартыжылдықта тарифтердің ағымдағы жылғы инфляция дәлізі шегінде өзгеруі күтілуде. Тұтынушылар мен табиғи монополия субъектілері мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету, сондай-ақ коммуналдық қызметтер тарифтерінің күрт өсуіне жол бермеу мақсатында қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын бақылау; тұрғын үй көмегі тетіктерін дамыту; әр аймаққа әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескере отырып, жеке әдіс көздеу жоспарланып отыр. Жаңа салық-бюджет саясаты шеңберінде бюджетаралық қатынастарды реформалау және мерзімдері мен кезеңдерін екі есеге қысқарта отырып, бюджеттік жоспарлаудың реинжинирингі бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, - деп атап өтті вице-министр. 

Айтуынша, өңірлердің пайдасына қарай қаржы-экономикалық функцияларды орталықсыздандыру бойынша жұмыс басталды. 

Бүгінгі таңда Бюджет кодексіне өңірлердің өзін-өзі қамтамасыз етуін күшейту бойынша, оның ішінде салықтық және салықтық емес түсімдердің қосымша түрлерін жергілікті деңгейге беру арқылы түзетулер әзірленді. Субвенциялар мен бюджеттік алымдарды есептеу кезінде жергілікті атқарушы органдардың шығыстар бойынша құзыреттері кеңейтіледі және іс-шараларды іске асыру бойынша жауапкершілігі артады, - деді Тимур Жақсылықов. 

Өзгелердің жаңалығы