Тараздағы сәби саудасы: Министр Ғиният оқиғаға қатысты пікір білдірді

26 Қаңтар 2023, 17:02
919
Бөлісу:
Тараздағы сәби саудасы: Министр Ғиният оқиғаға қатысты пікір білдірді

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

«Бала саудасы – жүйелік проблема. Неге Денсаулық сақтау министрлігі шара қолданбайды? Баланы қалай саудалауға болады? Сіздер балалардың мәйітін санамайсыздар ма немесе сәбиді анасы екенін тексеріп, көз жеткізбей жатып бере саласыздар ма? Осы процеске қатысты не айтасыз?» деп сұрады журналистерден министрден. 

Қателеспесем, осыдан 5 жылдай уақыт бұрын ұқсас оқиға болды. Сол кезде елдегі барлық перинаталдық орталықтар мен перзентханаларға бейнебақылау камераларын орнаттық. Сәбилерінен бас тартқан анамен психологтар тығыз жұмыс істеді. Осындай жүйелі жұмыстар атқарылды. Мен бұл мәселенің егжей-тегжейін білмеймін. БАҚ таратқан деректерге сәйкес, оқиға әйел баласымен перзентханадан шығып, жалдамалы пәтерге барған соң орын алған. Барлық перзентханада бейнебақылау камералары бар және дәрігерлер, бөлім меңшерушілері босану палаталарында болып жатқан жайттарды бақылауда ұстайды. Егер әйел аман-есен босанып, денсаулығында кінәрат болмаса, онда (перзентханада – ред.) ұзақ ұстамайды. Стандарт бойынша 3-4 күн ғана жатады. Осындай оқиға орын алған екен, елде тағы да барлық медициналық қызметкерлермен жұмыс істейміз, - деп түсіндірді Ажар Ғиният Сенаттың жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында. 

Еске сала кетейік, Жамбыл облысында жаңа туған сәбиді 1,5 млн теңгеге сатқандар ұсталған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы