Бала сатумен айналысқан тараздық медқызметкерлер ұсталды

25 Қаңтар 2023, 17:00
4168
Бөлісу:
Бала сатумен айналысқан тараздық медқызметкерлер ұсталды

Тараз қаласының прокуратурасы мен Жамбыл облысы ПД жаңа туған сәбиді сату фактісін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Сотқа дейінгі тексеру кезінде Тараз қалалық көпбейінді аурухананың 2 медициналық қызметкері ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 

Аталған қылмыстық істің тергелу барысы қала прокуратурасының бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы