Геофизикалық зерттеулер институты (ИГИ НЯЦ РК) Деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, 10 шілде күні Астана уақытымен сағат 00:59-да Жамбыл облысында жер сілкінді.
Жер асты дүмпулері Тараз қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 65 шақырым жерде тіркелген. Жер сілкінісінің ошағының координаттары: солтүстік ендіктің 42,50 градусы және шығыс бойлықтың 70,88 градусы.
Жер сілкінісінің магнитудасы – 4,5, энергетикалық класы K=10,4 болды. Жер сілкінісінің ошағы 15 шақырым тереңдікте орналасқан.
Қазіргі уақытта жер сілкінісі салдарынан қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Бұған дейін Қырғызстан мен Тәжікстанда да жер сілкінісі болғаны хабарланған еді.
Айта кетейік, бұған дейін 4 шілдеде Таразда Астана уақыты бойынша таңғы сағат 4:40-та Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ұлттық сейсмологиялық зерттеулер және ақпарат ғылыми орталығының сейсмикалық станция желісі жер сілкінісін тіркеген еді.