Таразда жазасын өтеушілерге психологиялық көмек көрсетілді

7 Желтоқсан 2024, 18:02
423
Бөлісу:
Таразда жазасын өтеушілерге психологиялық көмек көрсетілді
Фото: polisia.kz

Таразда жазасын өтеушілерге психологиялық көмек көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінің психологы Айгерім Саурбаева сотты болған азаматтарға жоспарға сай психологиялық көмек берудің арнайы іс-шарасын ұйымдастыруда. 

Мәселен жуырда ғана аталған түзеу мекемесіне М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Әлеуметтік психология кафедрасының аға оқытушысы А.Абдрахманова келіп, жазасын өтеушілермен жан-жақты пікір алмасты. 

Сондай-ақ ол жүздесу барысында өзін-өзі дамытудың маңыздылығына тоқталып, түзеу мекемесінен тыс жаңа өмір бастау үшін дағдыларды қалыптастыру жөнінде әңгіме өрбітті. 

Кездесу соңында сотталған азаматтар өздеріне психологиялық ақыл-кеңес берген маманға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойды.

Өзгелердің жаңалығы