Таразда вокзал аумағынан жасырылған қару-жарақ табылды

27 Наурыз 2023, 18:03
968
Бөлісу:
Таразда вокзал аумағынан жасырылған қару-жарақ табылды
Фото: Polisia.kz

Таразда вокзал аумағынан қару-жарақ жасырылған орын табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жамбыл облысы ПД-нің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында арнайы іс-шаралар жүргізді.

Таразда вокзал аумағынан жасырылған қару-жарақ табылды

Жедел-іздестіру жұмыстары кезінде темір жол желісі маңынан полиэтилен пакеттегі 12 калибрлі ИЖ-18ЕМ бір ұңғылы шолақ мылтық, “Полиция” деген жазуы бар қорғаныс кеудешесі тәркіленді. 

ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды, - делінген ведомство хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы