Таразда ұлттық ою-өрнек қайта жаңғыртылды

18 Наурыз 2023, 22:22
1186
Бөлісу:
Таразда ұлттық ою-өрнек қайта жаңғыртылды
Фото: қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Таразда Наурыз мерекесіне орай дәстүрлі «Ұмыт болған оюлар» фестивалі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұмыт болған көне оюмен кестеленген заттар көпшілікке көрсетілді. Олардың қатарында құрақ көрпе, киім мен сандық, сөмке сынды өнімдер бар. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге арналған шараға 30-ға жуық қолөнерші қатысты. Олардың қатарында көпбалалы және қамқоршысынан айырылған аналар, мүмкіндігі шектеулі және ерекше бала асырап отырған әйелдер бар.

Бұл дүниені біз әрине әр үйде көргіміз келеді. Әр үйде ұмытылып бара жатқан құндылықтарымызды қайта жаңғырту. Және де осы аналармызға үлкен алғыс білдіреміз. Өйткені бұл аналарымыз өткеннің көзін мынау болашақ жастарға алып келуші алтын көпір десек болады, – дейді қазылар алқасының төрағасы Анар Бексұлтанова.

Өзгелердің жаңалығы