Таразда әскерилер 50 мың шаршы метр аумақты залалсыздандырған

8 Маусым 2020, 09:00
1657
Бөлісу:
Таразда әскерилер 50 мың шаршы метр аумақты залалсыздандырған
PHOTO
Фото: автордан

Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Төтенше жағдай алынып тасталғанына қарамастан, вирустың таралу қаупі әлі де жоғары күйінде қалуда. 

Ел азаматтарының денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстанның әскери қызметшілері коронавирустық инфекцияны таратпауға бағытталған профилактикалық және санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды қайта жалғастырды.

Бұл жайында "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының химиялық қорғаныс батальонының командирі майор Владимир Торлопов айтты. Оның сөзінше, төтенше жағдай режімі тоқтатылғаннан кейін біраз уақыт бойы әскери қызметшіер өздерінің негізгі міндеттеріне оралып, санитарлық тазарту жұмыстарымен айналыспаған болатын. Алайда, елде індетті жұқтырған науқастар санының көбеюіне байланысты Қарулы Күштерге қарасты әскери бөлімдерді қала көшелеріне қайтадан шығару туралы шешім қабылданған.

KMA14094.JPG

"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері кең көлемді дезинфекциялауды бастап кетті. Тараз гарнизонында қайта залалсыздандыру жұмыстары қаланың шығыс бөлігінен – Қант зауыты аумағынан басталды. Бүгінгі таңда Тараз гарнизонының әртүрлі әскери бөлімшелерінің әскери қызметшілерінің құрамынан Қант зауытының айналасында 50-ден астам әлеуметтік маңызы бар нысандар залалсыздандырылды. Олардың қатарында тұрғын үйлердің, ойын алаңдарының, шағын базарлардың айналасы, дүкендердің кіреберістері мен басқа да объектілер бар, - деді Владимир Торлопов.
KMA14124.JPG

Оның айтуына қарағанда, залалсыздандыру екі компонентті ерітіндімен жүзеге асырылады: шекаралас дезинфекциялық ерітінді және антибактериалды қасиеті бар қалқан қосалқы ерітіндісі. Бұл зат хлордың иісіне ие, яғни хлор иісі бар. Алайда, адам денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктерге мүлдем қауіпсіз көрінеді.

Әскери қызметкерлерге қойылатын маңызды талаптардың бірі - жеке қорғаныс шараларын барынша сақтау керек. Сондықтан қорғаныс жиынтығына арнайы киімдер, маскалар, көзілдіріктер және қолғаптар әр кезде де болуы тиіс. Дезинфекциялаушы затты тұтыну мөлшері бір шаршы метрге орта есеппен 2 литрді құрайды. 20 литрлік құтыларды үнемі толтыру үшін әр учаскедегі әскери қызметшілерге арнайы жанармай құю станциялары - ARS-14KZ машиналары ілеседі, - деді майор Владимир Торлопов.
KMA14121.JPG

Тұтастай алғанда, төтенше жағдай кезінде қазақстандық армия қызметшілері еліміздің 29 қаласында 50 миллион шаршы метрден астам аумақты және ұзындығы 4 000 шақырымға жуық жол учаскелерін залалсыздандырған. "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы бөлімшелері тек өздеріне тиесілі аумақты ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның солтүстік және орталық аймақтарына да, атап айтқанда Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Қостанай және Петропавл қалаларына да көмек көрсетіпті.

KMA14078.JPG

Тараз қаласының нысандарын залалсыздандыру жоспары мен жүру маршрутын әскери қызметшілер жергілікті әкімдіктің өкілдерімен келісе отырып жасайды. Өз кезегінде, қалалық билік аурудың жаңа жағдайларының пайда болуы туралы мәліметтер негізінде объектілердің тізімін жасайды. Әскери қызметшілер аймақтағы жағдайды тұрақтандыру үшін қаншалықты қажет болса, коронавирус індетіне қарсы күрес жөніндегі шараларды одан әрі жалғастыруға ниетті, - деп сендірді "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы химиялық қорғаныс батальонының командирі.
KMA14095.JPG

Жамбыл облысы орталығының әлеуметтік маңызы бар нысандарын тазартумен қатар әскери қызметшілер өздерінің әскери бөлімдерін де дезинфекциялауға көп көңіл бөледі екен. Осы мақсатта әскери бөлімдер мен үй-жайларды мұқият тазарту күн сайын әскери бөлімдердің ішінде және сыртында жүргізіледі.

Өзгелердің жаңалығы