Таразда үшем дүниеге келді

27 Шілде 2019, 11:12
1901
Бөлісу:
Таразда үшем дүниеге келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараздаүшем дүниеге келді. Сәбилер жоспарланған мерзімнен бірнеше апта ерте жарық көрген. Бұл туралы 24.kz сайтында хабарланды.

Олар алғашқы күннен қарқынды терапия бөлімшесінде жатты. Өмірге аман-сау келген Ислам, Марғұлан және Аслан есімді нәрестелер қазір салмақ қосып, өздерін жақсы сезінеді. 34 жастағы ана Эльвира Қожагелдиева перзентханадан үйіне жіберілді.

Айта кету керек, өткен жылдың осы кезеңінде облыста 2 үшем дүние есігін ашқан болатын. Жалпы жыл басынан бері қалада 3296 бала туған.

«Өзімнің 1 ұлым, 2 қызым бар. Енді сол төртінші баланы дүниеге әкелсек деп ойлаған едік. Үшем бізге Алланың берген сыйы деп ойлаймын бізге. Өте қуаныштымын», - дейді үшемнің анасы Эльвира Қожагелдиева.

Өзгелердің жаңалығы