Таразда сейф ұрлағандар ұсталды

12 Наурыз 2020, 09:53
1503
Бөлісу:
Таразда сейф ұрлағандар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылда екі миллионға жуық шығын келтірген ұрлық дерегінің ізі суымай ашылды, деп хабарлады Polisia.kz.

Байзақ аудандық полиция қызметкерлері ірі көлемдегі ұрлық дерегін ізін суытпай ашты. Аталған ауданда орналасқан ірі сауда үйлерінің біріне белгісіз тұлғалар заңсыз кіріп, сейфті бұзу арқылы 1 700 000 теңге көлеміндегі қаржыны жасырын ұрлап кеткен.
Байзақ аудандық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы ауданның 26 жастағы екі тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдіктілерден қаржылай айғақ зат тәркіленді. Ұсталғандар кінәсін толық мойындап, Тараз қалалық тергеу изоляторына қамауға алынды, - делінген ақпаратта. 

Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі 1 және 3-тармақтарымен “Ірi мөлшерде, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық” сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 


Өзгелердің жаңалығы