Таразда сайлау күні мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін инватакси жұмыс істейді

18 Қараша 2022, 04:45
1225
Бөлісу:
Таразда сайлау күні мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін инватакси жұмыс істейді

Жалпы қалада Президент сайлауына келу үшін ерекше жағдайды қажет ететін 767 адам бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның ішінде тірек-қимыл аппараты бұзылғандар, көзі нашар көретіндер, есту қабілеті нашар азаматтар бар.

Осы санаттағы азаматтарға сайлау күні 4 инватакси қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар сайлау күні есту қабілеті нашар сайлаушыларға дауыс беруге қатысатын сайлау учаскелерінде 14 сурдоаудармашы онлайн қызмет көрсетеді, - деп хабарлады қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен.

Өзгелердің жаңалығы