Таразда құтқарушылар арасында жарыс өтті

30 Желтоқсан 2022, 16:29
713
Бөлісу:
Таразда құтқарушылар арасында жарыс өтті

Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты 5 бөлімнің қызметкерлері сахнада сайысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы «Хабар 24» жазды.

Шығармашылық байқауға жедел құтқару жасағы, өрт сөндіру, апаттар медицина орталығы мен судан құтқару секілді бірнеше құрылымның 25 маманы қатысты. Олардың қатарында сала ардагерлері де бар. 4 кезеңнен тұратын конкурста, департамент мамандары командаларын музыкалық нөмірмен таныстырды. Одан соң жұмыс барысындағы жағдайларды сахналады. Суға батқан адамды құтқарып, газдан  уланған тұрғынға тиісті медициналық көмекті көрсетті. 

Сондай-ақ зияткерлік сұрақтарға жауап берді. 

Кеше бүгін осы біздің қызметте, салада қызмет атқарып осы қазіргі таңда бейнеттің зейнетін көріп отырған ардагерлерімізді осы шараға ат салысуға шақырып. Жастарға үлгі болсын, өсиет болсын деген мақсатта орындалып отырған іс шарамыз, - деді облыстық ТЖД бастығы Ермек Момбаев.

Жалпы біз енді тек қана адамды құтқармаймыз, біздің арамызда өнеролі адамдар да бар. Шығармашылығы жағынан, өлең айту жағынан. Сол жағынан өзіміздің өнерімізді көресте біле аламыз. Осы байқауға сол себепті қатысып отырмыз, - деді  Апаттар медицина орталығының фельдшері Гүлпатша Рысалдиева.

Өзгелердің жаңалығы