Таразда құқық қорғаушылар түзеу мекемесін тексерді

19 Тамыз 2020, 17:48
2047
Бөлісу:
Таразда құқық қорғаушылар түзеу мекемесін тексерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі таңда БАҚ-та, сондай-ақ әлеуметтік желілерде түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға қатысты заңсыз азаптау және қатыгездік қарым-қатынас фактілері орын алып жатқандығы туралы ақпараттар жариялануда. 

Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осыған байланысты Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы, әділет полковнигі Теңізжан Жәнібековтің арнайы шақыртуымен өңірлік ұлттық алдын алу тетігінің басшысы Ғабит Айтенов, Жетім балалармен балалар үйі түлектерінің "Мирэкл" әлеуметтік бейімдеу орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рауф Сабитов және "Әділет" құқықтық қолдау көрсету орталығының заңгері Руслан Халидов қатаң тәртіптегі ЖД-158/4 мекемесіне келіп, ондағы сотталғандардың ұстау жағдайларына, медициналық қызмет көрсетілуіне назар аударды. 

Кездесу барысында қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері сотталғандарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, олардың уәжін тыңдады. Атап айтқанда, құқық қорғаушылардың қабылдауында болған 15 азаматтың көкейінде жүрген сұрақтарына нақты жауап берілді. Айта кетейік, мониторинг жүргізу барысында түзеу мекемесінде сотталғандардың мүддесіне қатысты орын алған азаптау жөніндегі бірқатар мәлімдеме өз дәлелін таппаған.

ҰАТ өңірлік тобы және құқық қорғаушылар түзеу мекемесіне тексеріс жүргізу барысында сотталғандар тарапынан мекеме әкімшілігіне қатысты түсетін арыз-шағымдардың дәлелсіз екендігін анықтады. Егер жазасын өтеуші мекеме тәртібіне бағынбаса, оған тек заң аясында ғана шара қолданылады. Ал сотталғандардың ұсталу жағдайымен олардың құқықтарының аяқасты болмауы қатаң бақылауда, - деді Жәнібеков.

Өзгелердің жаңалығы