Таразда қоқыс жәшігінен шала туған сәбидің денесі табылды

29 Желтоқсан 2022, 17:17
1225
Бөлісу:
Таразда қоқыс жәшігінен шала туған сәбидің денесі табылды

Таразда пластик шелектен шала туған нәрестенің мәйіті табылды. Полицейлер баланың анасын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, 29 желтоқсан күні сағат 11:30-да Тараз қалалық полиция басқармасының 2-полиция бөлімінің кезекші бөліміне Байзақ кентіндегі қоқыс жәшігінің жанынан пластик шелектен шала туған нәрестенің мәйіті табылғаны туралы ақпарат келіп түскен.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жеткен.

«Мәйіт Жамбыл облыстық мәйітханасына жеткізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Баланың анасын анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүріп жатыр», деп толықтырды полицейлер.

Өзгелердің жаңалығы