Таразда өртенген тұрғын үйден 50 адам эвакуацияланды

24 Шілде 2023, 16:19
534
Бөлісу:
Таразда өртенген тұрғын үйден 50 адам эвакуацияланды
PHOTO
Фото: Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі

2023 жылғы 24 шілдеде сағат 12:23-те 101 пультіне Тараз қаласындағы бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт болғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, облыстық ТЖД күштері мен құралдары дереу өрт орнына барды. Олар баспалдақ арқылы 50 адамды, оның ішінде 20 баланы эвакуациялады. Тілсіз жаудың ортасында қалған 2 адамды, оның ішінде 1 баланы құтқарды.

Таразда өртенген тұрғын үйден 50 адам эвакуацияланды

Апаттар медицинасы орталығы филиалының дәрігерлері мен психологтары тұрғын үй тұрғындарына симтомикалық және психологиялық көмек көрсетті.  Өрт сағат 12:44-те оқшауланып, сағат 12:47-де сөндірілді. Өрттің ауданы 30 шаршы метрді құрады. Өрттің себебі анықталуда. Өртті сөндіруге Жамбыл облысы ТЖ департаментінен 33 қызметкер мен 7 бірлік техника жұмылдырылды, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Таразда өртенген тұрғын үйден 50 адам эвакуацияланды

Жамбыл облысы ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы