Таразда Наурыз мерекесін тойлауға байланысты бірнеше көше жабылады

17 Наурыз 2024, 16:39
375
Бөлісу:
Таразда Наурыз мерекесін тойлауға байланысты бірнеше көше жабылады

17-21 наурыз аралығында Тараз қаласында Төле би және Абай даңғылдары жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Наурыз мерекесіне орай 17-21 наурыз аралығында Төле би даңғылы бойына киіз үйлер орнатылады. Осыған байланысты Төле би даңғылында (Абай даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейін) автокөлік қозғалысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлады қала әкімдігі.

Жолдың бұл бөлігі 17 наурызда сағат 8:00-ден бастап 20 наурыз сағат 08:00-ге дейін жабылады.

Сондай-ақ 20 наурызда сағат 8:00-ден 21 наурыздың түн ортасына дейін Абай көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі жол учаскесі жабылады.

Қала әкімдігі жергілік тұрғындардан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы